31.03.2022, 17:50 15716

Алматыда 7 нысанға белгісіз біреу жарылғыш зат қойылғанын хабарлады

Бұл туралы қалалық полиция басқармасы мәлім етті.
Алматыда 7 нысанға белгісіз біреу жарылғыш зат қойылғанын хабарлады
АЛМАТЫ. 31 НАУРЫЗ - Алматыда бірнеше нысанға "бомба" қойылды. Бұл туралы қалалық полиция басқармасы мәлім етті. 
 
Алматы қалалық полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбектің айтуынша, қазір мамандар нысандарда тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр. 
 

Таңертең жеті нысанда жарылғыш құрылғылар орнатылғаны туралы ақпарат тарады. Оның үшеуі тексерілді. Ақпарат жалған болып шықты. Қалғандарында мамандар жұмыс істеп жатыр. Тексеру арнайы құралды қолдану арқылы жүзеге асырылуда. Алгоритмге сәйкес, нысандарға келушілер мен қызметкерлер эвакуацияланады. Азаматтардан қауіпсіздік шараларына түсіністікпен қарауды сұрайды", - деді Салтанат Әзірбек. 

 
Айта кетейік, тексерілген нысан - 3 банк. Қазір барлығы қалыпты режимде жұмыс істеп тұр. Екі сауда үйі, халықаралық әуежай мен бір оқу орнында тексеру жұмыстары жалғасуда.
 
Ақпарат көзі: inform.kz 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны