03.03.2022, 17:45 30341

Ресей Мемлекеттік Думасы Ресей армиясының әрекеттері туралы жалған ақпарат үшін қылмыстық жаза туралы заң жобасын мақұлдады

Ресей Мемлекеттік Думасы Ресей армиясының әрекеттері туралы жалған ақпарат үшін қылмыстық жаза туралы заң жобасын мақұлдады
Сурет: Pexels
НҰР-СҰЛТАН. 3 НАУРЫЗ - Мемлекеттік Дума комитеті Ресей әскері жайлы жалған ақпарат таратқаны үшін жазаны қатаңдату туралы Қылмыстық кодекске түзетулерді бекітті.

Жаңа өзгерістер бойынша қарулы күштер туралы алдын ала жалған мәлімет таратқан үшін 1,5 миллион көлемінде айыппұл төлеуі немесе 3 жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылған. Ал қылмыс аса ауыр деп таныласа 15 жылға дейін абақтыға қамалады. Бастама ертең Мемлекеттік Думаның төменгі палатасының пленарлық отырысында қабылдануы мүмкін.

Ақпарат көзі: 24.kz
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны