05.07.2022, 18:25 17431

Қазақстанның оңтүстігінде аса қауіпті ҰҚТ қызметі тоқтатылды

Қазақстанның оңтүстігінде аса қауіпті ҰҚТ қызметі тоқтатылды
Сурет: бейнеден кадр
ШЫМКЕНТ. 5 ШІЛДЕ - ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Ішкі істер министрлігімен бірге бірмезгілде Тараз және Шымкент қалаларында "А" және "Бүркіт" арнайы мақсаттағы бөлімшелерінің жұмылдырылуымен еліміздің оңтүстік өңірлеріндегі криминогендік жағдайға теріс әсер етіп келген қоғам үшін қауіпті болып табылатын ұйымдасқан қылмыстық топтың заңсыз іс-әрекетінің жолын кесу бойынша арнайы операцияны жүзеге асырды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Бұл мақсатта алдын-ала жедел-іздестіру және арнайы іс-шаралардың толық кешені мұқият жүргізілді. Нәтижесінде қылмыстық топ мүшелерінің тауарлы-материалдық құндылықтарды аса ірі мөлшерде ұрлауға және кәсіпкерлерден ақша қаражатын бопсалауға қатысы бар екендігі туралы дәлелдер жиналды", - деп хабарлады ҚР ҰҚК.

 
Арнайы операцияның нәтижесінде қылмыстық топтың 14 көшбасшысы мен белсенді қатысушылары ұсталды.
 

Процессуалдық іс-шаралар барысында қару-жарақ арсеналы, қомақты ақша сомасы, сондай-ақ тергеу үшін қызығушылық тудыратын құжаттық материалдар табылып, тәркіленді", - деп хабарлады ведомствода.

 
Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде және ұсталғандардың басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны