25.04.2022, 18:46 15296
Қаңтар трагедиясы: Бас прокуратура терроризм актілері бойынша 45 істі тергеуде
Сурет: бейнеден кадр/Алматы-9
Достарға айту
Оның айтуынша, жаппай тәртіпсіздіктер мен терроризм актілері Алматы, Шымкент қалалары, Ақтөбе, Атырау, Алматы, Жамбыл, Қызылорда және Шығыс Қазақстан облыстарында орын алған.
Шымкент қаласының прокуратурасымен қиратулар, мүліктерді жою және автокөліктерді өртегені үшін, яғни жаппай тәртіпсіздіктерге қатысқаны бойынша 8 күдікті сотқа берілді. Бейнежазбада жаппай тәртіпсіздіктердің көрінісі көрсетілген. Қызылорда облысында осы тектес айыппен 7 адамға қатысты істер кінәні мойындау туралы процестік келісім жасау арқылы сотқа жіберілді", - деді Қилымжанов.
Сондай-ақ, ол мұндай істердің сотта қаралу ерекшеліктеріне тоқталды. Күдікті айыптауға, дәлелдемелерге, келтірілген залалмен дауласпаған кезде және жазаның түрі мен мөлшерімен келіскен жағдайда онымен кінәні мойындау туралы келісім жасалады.
Сотта 10 тәуліктен аспайтын мерзімде қаралады және жазаның мөлшері осы баптың санкциясындағы ең жоғары мерзімнің жартысынан аспайды. Бұл рәсім бойынша 3 адамға қатысты үкімдер қабылданып, олар бойынша бас бостандығынан айыруға байланысты емес жазалар тағайындалды", - деді спикер.
Оның айтуынша, қаңтар оқиғалары бойынша жалпы 265 қылмыстық іс сотқа жолданып, олармен 243 адам сотталды. Қазіргі уақытта 585 күдікті адамдар қамауда.
Бұл адамдар қиратулар, ғимараттарды өртеу, қаруларды жымқыру, мемлекеттік және құқық қорғау органдары ғимараттарына қарулы шабуыл жасауда белсенді түрде қатысқан. Әрбір қамалған бойынша олардың осы қылмыстарға қатысы бар жөнінде жеткілікті мәліметтер бар", - деп нақтылады Қилымжанов.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
08.01.2026, 10:39 3406
Алматы маңындағы жантүршігерлік жол апатынан үндістандық студенттер қаза тапты
Достарға айту
Кеше, 6 қаңтарда Алматы маңында болған жол-көлік апатынан Үндістанның азаматтары зардап шекті, деп хабарлайды Kazinform агенттігі.
Үндістанның Астанадағы елшілігінің хабарлауынша, олардың ішінде Шымкенттегі Оңтүстік Қазақстан медицина университетінің төрт студенті және Үндістаннан келген бір турист болған.
Олар Шымкенттен Алматыға қарай жол жүріп бара жатқан жатқан. Екі адам оқиға орнында қаза тапты, ал үшеуі ауыр жарақат алып, жансақтау бөлімінде ем қабылдап жатыр.
Үндістанның Астанадағы елшілігі бұл қайғылы оқиға салдарынан қаза тапқан Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының студенттері Раджастхан штатының тұрғындары Каран Пармар мен Риширадж Барайттың отбасыларына көңіл айтады. Сондай-ақ жарақат алған Раджастхан штатының тұрғындары Манжит Сингх Соланки мен Рахул Ядав және Гуджарат штатының тұрғыны, турист Бриджешкумар Бхараткумар Бхатиге тезірек сауығып кетуін тілейміз", - делінген хабарламада.
Елшілік марқұмдар мен зардап шеккендердің отбасыларымен тұрақты байланыста және Қазақстанның жергілікті билік өкілдерімен үйлестіру жұмыстарын жүргізіп, барлық мүмкін консулдық көмекті көрсетіп жатқанын мәлімдеді.
Алматы облыстық полиция департаментінің мәліметінше, қайғылы оқиға "Алматы - Бішкек" автожолының 86-шақырымында болған. Жол апатына қатысты қылмыстық іс тіркелді.
Алдын ала мәліметтер бойынша, Toyota Alphard маркалы автокөліктің 33 жастағы жүргізушісі рөлді басқара алмай, көлікті аударып алған.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан жүргізуші алған жарақаттарынан оқиға орнында қаза тапты. Тағы екі жолаушы медициналық мекемеде көз жұмды, ал тағы үшеуі әртүрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды. Қазіргі уақытта орын алған оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр", - делінген хабарламада.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
08.01.2026, 08:31 3641
Алматыда қоймадағы өрт түні бойы сөндірілді
Сурет: @emergovkz
Достарға айту
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі күштерімен Алматы қаласындағы Солтүстік айналма тасжолында орналасқан қоймадағы өрт 1900 шаршы метр аумақта толықтай сөндірілді, деп хабарлайды Kazinform агенттігі.
Алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері оқиға орнына келген кезде қойма ғимаратында ашық жалынмен өрт болып жатқаны анықталған.
Өртті сөндіру жұмыстары жоғары шақырту деңгейі бойынша жүргізілді. Оқиға орнында өрт сөндіру штабы құрылып, сөндіруге жеке құрамнан 85 адам мен 22 техника жұмылдырылды.
Өрт аумағында үш жауынгерлік учаске ұйымдастырылып, сөндіру жұмыстарына ТЖМ-нің автопоезы тартылды.
Өртті сөндіру ғимараттың құрылымдық ерекшеліктері мен өрт жүктемесінің жоғары болуына байланысты күрделене түскен.
Сағат 02:11-де өрттің оқшауланғаны туралы хабар түсті. Өрт сөндірушілердің үйлесімді әрі жедел әрекеттерінің арқасында жалынның жақын маңдағы ғимаратқа таралуына жол берілмеді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
05.01.2026, 15:29 11511
Алматыда Жаңа жыл түні пиротехникадан 20 адам зардап шекті
Достарға айту
Жаңажылдық мереке күндері Алматы қаласының жедел медициналық жәрдем қызметі штаттық режимде, іркіліссіз жұмыс істеді.
31 желтоқсаннан 4 қаңтарға дейін медицина қызметкерлері 11 мыңнан астам өтініш қабылдап, сәтті реанимация жасап, тіпті кей адамдарды үйде босандырған. Осылайша қала тұрғындарына тәулік бойы медициналық көмек көрсетілді. Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Алматы қалалық жедел медициналық жәрдем қызметі директорының орынбасары Андрей Ложкин осылай деп хабарлады.
Оның айтуынша, мереке күндері күн сайын 24/7 режимінде 189 бригада желіде жұмыс істеген. 500-ден астам қызметкер - дәрігерлер, фельдшерлер, жүргізушілер, кіші медициналық және техникалық персонал еңбек етіпті.
Жалпы, 2025 жылғы 31 желтоқсан мен 2026 жылғы 4 қаңтар аралығында жедел жәрдем қызметіне 11 158 өтініш түсіп, оның 10 059-ына барып қайтты. Жедел жәрдемге ең көп қоңырау әдеттегідей жаңа жыл түні түскен. 1 900 шақырту тіркеліпті, бұл орташа тәуліктік көрсеткіштен шамамен 600-ге аз.
Мереке күндері шақырту құрылымы қалыпты деңгейде қалып, демалыс немесе салтанатты күндерге тәуелді болған жоқ. Көбінесе тұрғындар тыныс алу жүйесі ауруларына байланысты - 22,53 пайыз, жүрек-қан тамырлары жүйесі аурулары бойынша - 17,28 пайыз, сондай-ақ жарақаттар мен улануларға байланысты - 14,5 пайыз жедел жәрдемге жүгінген. Андрей Ложкиннің айтуынша, бұл үрдіс жылдан жылға қайталанып келеді.
Пиротехникадан жарақаттанып қалатындарға медицина қызметкерлері ерекше назар аударды. Биыл мұндай 20 оқиға тіркелді, оның 11-і балалар. Ең жас зардап шеккен бала 4 жаста болды. Он адам жедел жәрдеммен стационарға жеткізілді, жетеуі дәрігерге өз бетінше жүгініп, үшеуі жарақаты жеңіл болғандықтан ауруханаға жатудан бас тартты", - деді Андрей Ложкин.
Сонымен қатар, мереке күндері жедел жәрдем қызметкерлері бес сәтті реанимация жасаған. Үш адамды үйде босандырып, бір ұл мен екі қыздың дүниеге келуіне көмектесіпті.
Жедел медициналық жәрдем қызметі қай күні болсын көмекке мұқтаж әр адамға жедел әрі сапалы медициналық көмек көрсете береді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
08.12.2025, 12:02 93086
Ақтөбе облысында автобус аударылып, 5 адам көз жұмды
Сурет: Depositphotos
Достарға айту
Жол-көлік оқиғасы 7 желтоқсан күні сағат 08:40 шамасында Самара-Шымкент тасжолында болды, деп хабарлайды Inform.kz.
Ұлғайсын ауылы маңындағы жол апатынан 5 жолаушы көз жұмды.
- Жүргізуші Қарабұтақ ауылынан Қызылорда облысына қарай бағыт алған кезде Әйтекеби ауданына қарасты Ұлғайсын ауылының маңында аударылды. Автобус салонында Пермь-Ташкент бағытында жолға шыққан Өзбекстан Республикасының 49 азаматы болған. Жол апатынан 5 жолаушы оқиға орнында көз жұмды, 11 жолаушы түрлі дене жарақаттарымен Әйтеке би аудандық ауруханасына жеткізілді, - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.
Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, ауруханаға жеткізілген 15 жолаушының 13-і дәрігерлерге қаралған соң жіберілді. Оларда жеңіл жарақат бар. Біреуіне гипс салынды. Ал екі адам қазір ауруханада жатыр. Бір науқасқа ота жасалып, сынық таңылды. Екіншісі жабық бас-ми жарақатын алған.
Қазір жол-көлік оқиғасы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
08.12.2025, 10:33 93486
Астанада дәмханадан шыққан өрт толық сөндірілді
Сурет: ТЖМ
Достарға айту
Елордада Байқоңыр ауданы Амангелді Иманов көшесінде жеке тұрған бір қабатты дәмхана өртеніп, салдарынан жүк көлігіне дезақым келді, деп хабарлайды Inform.kz.
Ведомство мәліметінше, 112-ге зардап шеккендер туралы ақпарат түспеген.
- Нақтыланған мәліметтер бойынша, Байқоңыр ауданы Амангелді Иманов көшесінде жеке тұрған бір қабатты дәмхана мен сыртқы қаптамасы өртенген. Жылу әсерінен жанында тұрған жүк автокөлігіне зақым келді, - делінген хабарламада.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
23.10.2025, 21:29 197916
Ақтөбе облысындағы жол-көлік апаты: Қанат Бозымбаев Үкіметтік комиссияға тапсырма берді
Достарға айту
Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Ақтөбе облысының Әйтеке би ауданы аумағында болған жол-көлік оқиғасының себептерін тергеп-тексеру жөніндегі Үкіметтік комиссия мүшелеріне тапсырмалар берді, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Қазіргі жағдай туралы Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров, ішкі істер министрі Ержан Сәденов, денсаулық сақтау вице-министрі Ербол Оспанов, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Асқарбек Ертаев, көлік вице-министрі Жәнібек Тайжанов баяндады.
Алты адам Ақтөбе облысы Хромтау аудандық орталық ауруханасына жеткізілді. Екі адамның жағдайы ауыр, төртеуінің жағдайы орташа. Қанат Бозымбаев Денсаулық сақтау министрлігіне санитарлық авиация арқылы тасымалдауға болатын барлық зардап шеккендерді Астанаға жеткізіп, қажетті ем ұйымдастыруды тапсырды.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне және Ақтөбе облысының әкіміне қаза тапқандардың отбасыларына барлық қажетті материалдық және психологиялық көмек көрсетуді тапсырды.
Жол-көлік оқиғасының себептерін жан-жақты тергеумен Ішкі істер министрлігінің арнайы комиссиясы айналысуда, қылмыстық іс қозғалды. Ішкі істер министрлігі мен Көлік министрлігіне вице-премьер "Самара - Шымкент" трассасының қауіпсіздік деңгейін арттыру жөнінде ұсыныстар енгізуді тапсырды.
Айта кетейік, 23 қазан күні сағат 08:40-та республикалық маңызы бар "Самара - Шымкент" автожолының 927-шақырымында Өзбекстан азаматы басқарған "DAF" жүк көлігі Хромтаудан Қарабұтақ бағытына қарай шыққан кезде рөлге ие бола алмай, қарсы бағытта келе жатқан "Газель" жолаушылар көлігімен соқтығысты. Жол апаты салдарынан екі автокөліктің жүргізушілері мен Ақтөбе облысының он тұрғыны (оның ішінде екі кәмелетке толмаған бала) оқиға орнында қаза тапты.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
23.10.2025, 15:17 200486
Ақтөбе облысындағы жол-көлік оқиғасының себептерін тергеу жөнінде үкіметтік комиссия құрылды
Достарға айту
Премьер-министр Олжас Бектеновтің тапсырмасымен Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы Бөгетсай ауылының шетінде болған жол-көлік оқиғасының себептерін тергеу жөнінде үкіметтік комиссия құрылды, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Премьер-министр Комиссияға жұмысын дереу бастауды, жол апатының себептерін жан-жақты тексеруді, қаза болғандар мен зардап шеккендердің отбасыларына бірінші кезектегі көмек көрсету шараларын қабылдауды тапсырды.
Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев басшылық ететін Комиссия құрамында Ішкі істер, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Денсаулық сақтау және Көлік министрліктерінің жетекшілері, Ақтөбе облысы әкімдігінің басшылығы бар.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
14.10.2025, 12:51 234651
Мұрны сынып, басы жарылған. Алматыда 18 жастағы жігітті бір топ ер адам соққыға жықты
Достарға айту
Мұрны сынып, басы жарылған. Алматыда 18 жастағы жігітті бір топ адам соққыға жықты. Жазатайым жайт түн ортасында мегаполистегі дәмханалардың бірінде болған. "Күдіктілер 35-40 жас арасындағы атбалдай азаматтар", - дейді жәбірленушінің анасы. Жас жігіт алғашқы соққылардан кейін бірден есін жоғалтқан көрінеді. Бірақ қаскөйлер соған қарамастан ұруды жалғастыра беріпті. Жәбірленушінің айтуынша, күдіктілер ащы суға тойып алған. Досы екеуін жұдырықтың астына алған адам көлікке мініп, оқиға орнынан ізін суытып үлгерген көрінеді, деп хабарлайды Astana TV.
МАРЖАН БОТБАЕВА, ЖӘБІРЛЕНУШІНІҢ АНАСЫ:
Үлкен еркектер, бәрі семейный деп естідім. Солар нападать етіп, бірінші менің баламның досына тиіседі. Артынан балам келеді, не болды деген кезде, мама 15 секунд өткен жоқ қалай құлағанымды білмеймін, удар болды дейді. Мына жағынан удар болған, мына сүйегі сынған. Көз көрінбейді. Мұрны ішке кіріп кеткен баланың, балада сотрясение.
Жәбірленуші нейрохирургия бөлімінде 10 күн ем алады. Алмалы аудандық полиция бөлімі денсаулыққа қасақана зиян келтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады.
САЛТАНАТ ӘЗІРБЕК, ҚАЛАЛЫҚ ПД РЕСМИ ӨКІЛІ:
Жанжалға қатысқан барлық тұлғалар анықталып, оның қызы бар, ері бар деген сияқты. Жанжалдың неден туындағанын анықтау үстіндеміз. Алдын ала мәлімет бойынша сөзге келіспеген жас адамдар жұдырық ала жүгірді. Қазіргі таңда барлық азаматтар ұсталып, оларға қатысты бұлтартпау шарасы тағайындалатын болады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
09.01.2026, 12:042025 жылы мүгедектікті белгілеуге қатысты 113 мыңнан астам өтінім сырттай форматта қаралды 09.01.2026, 11:50 5706Былтыр Қазақстанда 20 қылмыстық топтың әрекеті тоқтатылды09.01.2026, 09:41 5676Желтоқсанда қазақстандықтар БЖЗҚ-дан радиохирургиялық ем алуға 5,6 млрд теңге жұмсады09.01.2026, 10:45 5431М.Әуезов атындағы театрда жөндеу жұмыстары тоқтатылған жоқ - министрлік09.01.2026, 15:43 3211Президент Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ пен Болгария елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады
06.01.2026, 20:48 120041Заңнамалық актілер жаңа Цифрлық кодекске сәйкес келтіріледі06.01.2026, 20:02 114561Премьер-министр төтенше жағдайларға қарсы күрес және алаяқтықтың заманауи түрлерін анықтау үшін цифрлық құралдарды әзірлеп шығару қажеттігін атап өтті06.01.2026, 19:34 1020262026 жыл Цифрландыру және ЖИ жылы деп жарияланды - Жарлық06.01.2026, 16:21 99686ЖИ Қазақстандағы жұмыс күшінің өнімділігін 70% арттыра алады - зерттеу07.01.2026, 09:29 98806Православиелік қазақстандықтар Рождество мерекесін тойлап жатыр
17.12.2025, 17:47 232241Ташкентте қазақ киносының күндері өтті17.12.2025, 15:52 227756Венада Айман Мұсақожаеваның концерті өтті15.12.2025, 23:30 226041Ұлы Дала әуендері Куала-Лумпурдың жүрегінде жаңғырды15.12.2025, 23:10 223036Бейжіңде "Қазақстанның достары клубының" отырысы өтті15.12.2025, 22:01 214036Прагада Абай Құнанбайұлының 180 жылдығы атап өтілді

