09.06.2023, 09:40 14686

Абай ауданында ірі орман өрті сөндіріліп жатыр

Елді мекендерге қауіп жоқ
Абай ауданында ірі орман өрті сөндіріліп жатыр
Сурет: Gov.kz
ТЖ министрі Абай облысы Бабаев орманшылығының аумағындағы өртті сөндіруге жұмылдырылған күштер мен құралдардың тобын күшейтуді тапсырды, деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен.

Қазіргі уақытта өртті сөндіру жұмыстары жалғасуда. Өртті жоюға төтенше жағдайлар министрлігінің бөлімшелерінен, орман шаруашылығы комитетінен, жергілікті атқарушы органдардан және Қорғаныс министрлігінен 167 адам, 47 бірлік техника, оның ішінде 3 тікұшақ жұмылдырылды.

 Елді мекендерге қауіп жоқ. ТЖ министрлігі мен Абай облысы Төтенше жағдайлар департаментінің базасында жедел штабтар құрылды.

ТЖ министрі Юрий Ильиннің өкіміне сәйкес өрт орнына Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарының, Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаменттерінен қосымша күштер мен құралдар жіберілді.

Қазіргі уақытта аумағы шамамен 2000 га құрайтын 8 квартал өртеніп жатыр.

Өрт орнына ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы Нұрболат Дербісов жіберілді.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны