08.01.2026, 10:39 2411

Алматы маңындағы жантүршігерлік жол апатынан үндістандық студенттер қаза тапты  

Алматы маңындағы жантүршігерлік жол апатынан үндістандық студенттер қаза тапты
Кеше, 6 қаңтарда Алматы маңында болған жол-көлік апатынан Үндістанның азаматтары зардап шекті, деп хабарлайды Kazinform агенттігі.

Үндістанның Астанадағы елшілігінің хабарлауынша, олардың ішінде Шымкенттегі Оңтүстік Қазақстан медицина университетінің төрт студенті және Үндістаннан келген бір турист болған.

Олар Шымкенттен Алматыға қарай жол жүріп бара жатқан жатқан. Екі адам оқиға орнында қаза тапты, ал үшеуі ауыр жарақат алып, жансақтау бөлімінде ем қабылдап жатыр.

Үндістанның Астанадағы елшілігі бұл қайғылы оқиға салдарынан қаза тапқан Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының студенттері Раджастхан штатының тұрғындары Каран Пармар мен Риширадж Барайттың отбасыларына көңіл айтады. Сондай-ақ жарақат алған Раджастхан штатының тұрғындары Манжит Сингх Соланки мен Рахул Ядав және Гуджарат штатының тұрғыны, турист Бриджешкумар Бхараткумар Бхатиге тезірек сауығып кетуін тілейміз", - делінген хабарламада.


Елшілік марқұмдар мен зардап шеккендердің отбасыларымен тұрақты байланыста және Қазақстанның жергілікті билік өкілдерімен үйлестіру жұмыстарын жүргізіп, барлық мүмкін консулдық көмекті көрсетіп жатқанын мәлімдеді.

Алматы облыстық полиция департаментінің мәліметінше, қайғылы оқиға "Алматы - Бішкек" автожолының 86-шақырымында болған. Жол апатына қатысты қылмыстық іс тіркелді.

Алдын ала мәліметтер бойынша, Toyota Alphard маркалы автокөліктің 33 жастағы жүргізушісі рөлді басқара алмай, көлікті аударып алған.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан жүргізуші алған жарақаттарынан оқиға орнында қаза тапты. Тағы екі жолаушы медициналық мекемеде көз жұмды, ал тағы үшеуі әртүрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды. Қазіргі уақытта орын алған оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр", - делінген хабарламада.


 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны