25.02.2026, 10:44 346

Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоровты Астанада салтанатты түрде қарсы алды

Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоровты Астанада салтанатты түрде қарсы алды
Сурет: olympic.kz
2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы, қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров елге оралды, деп хабарлайды olympic.kz.

Астана әуежайында өткен ойындардың басты қаһармандарының бірін салтанатты түрде қарсы алды.


Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті Геннадий Головкин, ҚР Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов және Қазақстан конькимен мәнерлеп сырғанау одағының президенті Бауыржан Ералы чемпионға құрмет көрсетіп, жылы лебіздерін білдірді.

Түннің бір уағына қарамастан осында келіп, мені күтіп алған жандарға алғысым шексіз. Олимпиадада кеудемді мақтаныш сезімі кернеді. Әсіресе көк туымыз көтеріліп, әнұранымыз шырқалған сәтте ерекше толқыдым. Жылы лебіздеріңізді білдіріп, қолдау көрсеткендеріңіз үшін шын жүректен алғыс айтамын", - деді Шайдоров.


Айта кетейік, осы кездесуде Софья Самоделкинаның жетістігі де ерекше атап өтілді. Ол Олимпиадада 10-орынға ие болып, Қазақстан әйелдер мәнерлеп сырғанауының тарихында ең үздік нәтижені тіркеді.

Михаил Шайдоровқа, оның жеке бапкері Алексей Урмановқа, Софья Самоделкинаға және ұлттық құраманың бас бапкері Әсем Қасановаға пәтер кілті табысталды.

Шайдоровтың алтын медалі - осы Олимпиадада Қазақстан құрамасы еншілеген жалғыз жүлде. Ол шаңғышы Владимир Смирновтан кейін Олимпиада чемпионы атанған екінші қазақстандық спортшы болды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны