20.02.2026, 13:12 20766
Банк секторы - Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы екіжақты ынтымақтастықтың бір тетігі
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстанның Өзбекстандағы Елшілігінде Қазақстанның Өзбекстандағы Елшісі Бейбіт Атамқұловтың "Tenge Bank" акционерлік коммерциялық банктің Басқарма Төрағасы Б. Фалеевпен кездесуі өтті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Кездесу барысында тараптар Қазақстан-Өзбекстан арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен даму перспективаларын, сондай-ақ тұрақты есеп айырысуларды қамтамасыз етудегі және бірлескен инвестициялық жобаларды қаржылық сүйемелдеудегі банк секторының рөлін талқылады.
Tenge Bank" АКБ "Halyk Bank" АҚ-ның еншілес құрылымы ретінде екіжақты бизнесті қолдаудың маңызды қаржылық құралы болып табылатыны, сыртқы сауда операцияларын қызмет көрсетуде, сауданы қаржыландыру құралдарын дамытуда және заманауи цифрлық шешімдерді енгізуде белсенді қатысатыны атап өтілді.
Б. Атамқұлов өзара тауар айналымын ұлғайту және инвестициялық ынтымақтастықты нығайту жөніндегі стратегиялық мақсаттарға қол жеткізу үшін сенімді банктік инфрақұрылымның маңыздылығын атап өтіп, сондай-ақ кәсіпкерлердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың өзектілігіне назар аударды.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар өзара іс-қимылды одан әрі дамытуға және Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы сауда-экономикалық байланыстарды тереңдетуге бағытталған бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыруға қаржы институттарының қатысуын кеңейтуге мүдделілігін растады.
"Tenge Bank" АКБ - Өзбекстанның коммерциялық банкі және "Halyk Bank" АҚ-ның 100% еншілес құрылымы болып табылады. Банк жеке және заңды тұлғаларға есеп айырысу-кассалық қызмет көрсету, кредит беру, депозиттік өнімдер, банк карталарымен операциялар, халықаралық және ішкі аударымдарды жүзеге асыру, сондай-ақ сыртқы экономикалық қызметті сүйемелдеу сияқты банктік қызметтердің толық спектрін ұсынады. Цифрлық сервистерді дамытуға, заманауи қаржылық технологияларды енгізуге және қашықтан банктік қызмет көрсету мүмкіндіктерін кеңейтуге ерекше көңіл бөлінеді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
20.02.2026, 21:38 19161
ҚР СІМ-де балалардың құқықтарын қорғау мәселелері талқыланды
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің Бірінші орынбасары Ержан Ашықбаев Қазақстандағы БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) Өкілі Рашед Сарвармен кездесу өткізді, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Кездесу барысында тараптар балалардың денсаулығын қорғау, инклюзивті білім беруді дамыту, балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау, цифрлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, психикалық денсаулық мәселелері және әлеуметтік қорғау жүйелерін нығайтуға бағытталған бағдарламаларды талқылады.
Біз Ұйымының озық халықаралық тәжірибені енгізу, балалар құқықтарын қорғау саласындағы әдіснама мен мониторинг тетіктерін жетілдіру, сондай-ақ инновациялық шешімдер мен жұмыс тәсілдерін енгізу бағытындағы күш-жігерін жоғары бағалаймыз", - деп мәлімдеді Министрдің бірінші орынбасары.
Е.Ашықбаев ЮНИСЕФ-тің "Қазақстан балалары" ұлттық бағдарламасын әзірлеуге көрсеткен сараптамалық қолдауы үшін ризашылығын білдірді, сондай-ақ Қазақстанның 2025 жылғы қарашада Балаларға қатысты зорлық-зомбылықты тоқтатуға бағытталған Жаһандық альянсқа қосылуына жәрдемдескені үшін алғыс айтты.
ЮНИСЕФ Өкілі 2026-2030 жылдарға арналған ынтымақтастық бағдарламасы ұлттық стратегиялық құжаттардың басымдықтарына және БҰҰ Балалар құқықтары жөніндегі комитетінің қорытынды ескертпелеріне сәйкес келетінін атап өтті.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар әріптестікті нығайтуға және ЮНИСЕФ-тің 80 жылдығына арналған бірлескен іс‑шаралар өткізуге келісті.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
20.02.2026, 19:36 19386
Қазақстан мен Өзбекстан бизнес құқықтарын қорғау саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстанның Өзбекстандағы Елшісі Бейбіт Атамқұловтың Өзбекстан Президентінің жанындағы Кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау жөніндегі уәкілі (Бизнес-омбудсмен) Абдуманноп Буриевпен кездесуі өтті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Қазақстан Елшісі іскерлік ортаның дамуындағы тұрақты оң динамиканы атап өтіп, Өзбекстанда кәсіпкерлік субъектілері үшін қолайлы әрі жайлы бизнес-климат қалыптасқанын жеткізді. Өзбекстан нарығында жұмыс істеп жатқан қазақстандық компаниялар санының өсуін ескере отырып, бизнес құқықтары мен заңды мүдделерін институционалдық қорғау бағытында Бизнес-омбудсмен кеңсесімен өзара іс-қимылды нығайтудың маңыздылығы айқындалды.Қазақстан Өзбекстандағы шетелдік капитал қатысатын жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар саны бойынша бес ірі елдің қатарына кіретіні аталып өтті.
А.Буриев Өзбекстан Президенті жүзеге асырып отырған саясат кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін тұрақты және ашық жағдайлар қалыптастыруға, бизнес құқықтарын қорғау кепілдіктерін нығайтуға және реттеушілік ортаның болжамдылығын арттыруға бағытталғанын хабарлады.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар институционалдық өзара іс-қимылды одан әрі дамытуға мүдделілігін және Қазақстан мен Өзбекстандағы қолайлы әрі тұрақты бизнес-ортаны нығайту бағытында күш-жігерді үйлестіруге дайын екендігін растады.
Қазіргі уақытта елде қазақстандық капиталдың қатысуымен 1212 кәсіпорын жұмыс істейді. Олар геологиялық барлау, қаржы, құрылыс, өнеркәсіп, сауда және IT салаларында жобаларды жүзеге асыруда. Олардың қатарында BI Group, Qarmet, PTC Holding, Tenge Bank, RG Brands, OpenLab, EcoStandard және басқа да компаниялар бар.
2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы өзара тауар айналымы 4,97 млрд АҚШ долларына жетті, бұл сауда-экономикалық өзара іс-қимылдың жоғары деңгейін көрсетеді.
Өзбекстан Президентінің жанындағы Кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау жөніндегі уәкілі (Бизнес-омбудсмен) - кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласуын болдырмау мақсатында құрылған мемлекеттік институт.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
20.02.2026, 18:32 19691
Қазақстан мен Армения стратегиялық серіктестіктің перспективалары мен халықаралық өзара іс-қимылды талқылады
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстанның Армениядағы Елшісі Болат Иманбаев Арменияның Қауіпсіздік кеңесінің Хатшысы Армен Григорянмен кездесті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Кездесу барысында тараптар қазақ-армян өзара іс-қимылының қазіргі жағдайы мен перспективаларын, сондай-ақ халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылады.
Сұхбаттастар достық пен өзара құрмет дәстүріне негізделген мемлекетаралық қатынастардың жоғары деңгейін атап өтті. Саяси диалогты тереңдету және түрлі салалардағы практикалық ынтымақтастықты кеңейту үшін жаңа мүмкіндіктер ашатын екіжақты өзара іс-қимылды стратегиялық серіктестік деңгейіне шығару туралы қол жеткізілген шешімнің маңыздылығы аталып өтті.
Саяси және әлеуметтік-экономикалық жүйені жаңғыртуға бағытталған Қазақстанда іске асырылып жатқан ауқымды реформаларға ерекше назар аударылды. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамалары армян тарапының қызығушылығын тудырды. Осыған байланысты қайта құрулардың кешенді сипаты мен олардың мемлекеттің ұзақ мерзімді орнықтылығына бағдарланғандығы аталып өтті.
Тараптар сондай-ақ көпжақты алаңдарда күш-жігерді үйлестіруге және өзара мүдделі бастамаларды қолдауға мүдделілігін растай отырып, халықаралық ұйымдар шеңберіндегі өзара іс-қимыл мәселелерін талқылады. Осы орайда армян тарапы Астананың тұрақтылықты нығайтуға және диалогты дамытуға бағытталған дәйекті сыртқы саясатын жоғары бағалады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
20.02.2026, 17:29 19936
Қазақстан СІМ-де ЕҚЫҰ-ның Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросының өкілдерімен кездесу өтті
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исетов ЕҚЫҰ-ның Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросының (ДИАҚБ) Қажеттіліктерді бағалау миссиясының басшысы Улви Ахундлумен кездесу өткізді, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Аталған миссия 2026 жылғы 15 наурызда өтетін Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумға дайындық және оны өткізу процесін бағалау мақсатында Қазақстанға сапарын жасауда.
Кездесу барысында әріптестер халықаралық байқаушыларды, оның ішінде ЕҚЫҰ ДИАҚБ-ны референдумға шақыру мәселесін талқылады.
Қазақ тарапы халықаралық ұйымдарға ресми шақыру жолдау тәжірибесіне бейілділігін растап, бұл мемлекетіміздің демократиялық рәсімдерді қамтамасыз етудегі ашықтығын, айқындығын және жүйелілігін көрсететінін жеткізді.
Өз кезегінде, У.Ахундлу ЕҚЫҰ ДИАҚБ-ны байқаушы ретінде шақырғаны үшін, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен ведомстволардың өкілдерімен кездесулер ұйымдастыруға көрсетілген қолдау үшін алғысын білдірді.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар халықаралық міндеттемелер мен Қазақстан Республикасының ұлттық заңнамасына сәйкес электоралдық процестерді жетілдіру жөніндегі жүйелі жұмысты жалғастырып, серіктестікті одан әрі дамытуға өзара мүдделілігін растады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
20.02.2026, 15:26 20261
Әл-Фараби есімі Қазақстан Ислам әлемінің білім, ғылым және мәдениет ұйымының штаб-пәтерінде
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстанның Мароккодағы Елшісі Сәулекүл Сайлауқызы Ислам әлемінің білім, ғылым және мәдениет ұйымының (ИСЕСКО) Бас директоры Салим Әл-Маликпен кездесті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Бұл кездесу 2026 жылғы 2-4 ақпанда ИСЕСКО штаб-пәтерінде өткізілген "Әл-Фарабидің балалық шағы және өмірі" атты сурет көрмесінің логикалық жалғасы болды. Аталған көрменің авторы Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, еңбек сіңірген қайраткер, Қазақстан Өнер академиясының академигі, көрнекті суретші Жанұзақ Мүсәпір болып табылады. Көрме барысында қазақстандық суретші ислам әлемінің ұлы ойшылына деген құрмет белгісі ретінде Әл-Фарабидің өміріне арналған туындылар сериясын ИСЕСКО-ға сыйға тартты.
Өткізілген кездесу аясында аталған туындыларды Ұйым қорына ресми тапсыру рәсімі өтті. Картиналар Рабаттағы ИСЕСКО штаб-пәтерінде салтанатты залда орналастырылып, Ұйымға ерекше мәдени атмосфера мен бірегей эстетикалық келбет сыйлады.
Сондай-ақ, ИСЕСКО Бас директорына көрмені ұйымдастыруға қосқан ереулі үлесі үшін Қазақстан Көркем академиясының медалі мен Құрмет грамотасы табыс етілді.
Тараптар көркем туындылардың тапсырылуы халықтарды біріктіретін ортақ ислам мұрасын белгілейтінін және Қазақстанның ұлы ойшылдың есімін халықаралық сахнада насихаттауға деген шынайы ұмтылысын бейнелейтінін атап өтті.
Сонымен қатар, кездесу барысында тараптар Қазақстан мен ИСЕСКО арасындағы ынтымақтастықтың өзекті мәселелері бойынша пікір алмасып, білім, ғылым және мәдениет саласындағы болашақ өзара іс-қимылдың нақты бағыттарын белгіледі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
20.02.2026, 14:22 20546
Кенияда Қазақстанның БҰҰ-ның Қоршаған орта жөніндегі бағдарламасы ұйымымен ынтымақтастығын кеңейтуге бағытталған бірлескен шаралар талқыланды
Сурет: gov.kz
Достарға айту
БҰҰ-ның Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі бағдарламасы штаб-пәтерінде Қазақстанның Кениядағы Елшісі, Қазақстанның Найробидегі БҰҰ бөлімшесі жанындағы Тұрақты өкілі Барлыбай Садықовтың БҰҰ Бас хатшысының орынбасары - БҰҰ Қоршаған орта жөніндегі бағдарламасының (ЮНЕП) Атқарушы директоры И.Андерсенмен кездесу өтті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Кездесу барысында тараптар Қазақстанның ЮНЕП-пен өзара іс-қимылының өзекті мәселелерін, қоршаған орта саласындағы ынтымақтастықты дамыту жоспарларын, сондай-ақ ЮНЕП-тің 2026 жылғы 22-24 сәуірде Астанада өтетін Өңірлік экологиялық саммитке қатысуын талқылады.
Сонымен қатар, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылғы желтоқсанда Халықаралық бейбітшілік және сенім жылына арналған форумға қатысуы кезінде ұсынған БҰҰ құрылымында Халықаралық су ұйымын құру бастамасына ерекше назар аударылды.
И.Андерсен Қазақстанның қоршаған ортаны қорғау мәселелерін шешудегі күш-жігері мен бастамаларын жоғары бағалап, қазақстандық тараптың ЮНЕП іс-шараларына деген қолдауы үшін ризашылығын білдіріп, ЮНЕП Қазақстанның экология және тұрақты даму саласындағы бастамалары мен жобаларын іске асыруда сараптамалық көмек көрсетуге дайын екенін мәлімдеді.
Кездесу қорытындысы бойынша қоршаған ортаны қорғау саласындағы өзара мүдделі мәселелер бойынша ынтымақтастықты жалғастыру, экологиялық жобаларды іске асыруға қолдау көрсету және түрлі деңгейдегі іс-шараларды өткізу туралы келісімге қол жеткізіліп, Қазақстан мен БҰҰ Қоршаған ортаны қорғау бағдарламасы арасындағы ынтымақтастықты кеңейту бойынша бірлескен шараларды қарастыруға әзірлік білдірді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
20.02.2026, 12:09 21601
Гаагада Қазақстанның конституциялық жаңғыруы жөніндегі сараптамалық диалог өтті
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан конституциялық реформаларды халықаралық ақпараттық-талдамалық деңгейде сүйемелдеу аясында Қазақстанның Нидерландтағы Елшісі Ақан Рахметуллин LINKS Europe Foundation қорының директоры әрі тәуелсіз талдамалық commonspace.eu порталының бас редакторы Деннис Саммутпен кездесу өткізді, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Кездесу барысында Қазақстанның жаңа Конституциясы жобасының тұжырымдамалық негіздері, саяси жүйені институционалдық трансформациялаудың логикасы және мемлекеттік басқаруды жаңғыртудың стратегиялық параметрлері жан-жақты таныстырылды. Сонымен қатар Мемлекет басшысының V Ұлттық құрылтайдағы сөйлеген сөзінің негізгі қағидаттарына, сондай-ақ Президенттің "Turkistan" газетіне берген сұхбатында айқындалған стратегиялық басымдықтарға ерекше назар аударылды.
Д. Саммут Қазақстанның дамуын көптеген жылдар бойы мұқият қадағалап келе жатқанын атап өтті. Ол елімізде жүргізіліп жатқан саяси және әлеуметтік-экономикалық реформалардың жүйелілігі мен тереңдігін жоғары бағалады. Оның пікірінше, Қазақстан институционалдық тұрғыдан орнықты әрі серпінді дамып келе жатқан мемлекет ретінде қалыптасып, Орталық Азия өңірінде конструктивті әрі тұрақтандырушы рөл атқарып отыр. Сонымен қатар елдің көпвекторлы сыртқы саясат стратегиясының маңыздылығы және жаһандық қауіпсіздік пен даму архитектурасындағы өзгерістерге бейімделу қабілеті ерекше атап өтілді. Сондай-ақ Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың саяси жаңғыртудың жаңа кезеңін қалыптастырудағы рөліне назар аударылды.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар сарапшылық өзара іс-қимылды одан әрі дамытуға және талдамалық диалогты кеңейтуге өзара мүдделілік білдірді.
Сommonspace.eu Еуропа және оның шығыс пен оңтүстік көршілес өңірлері, соның ішінде Орталық Азия мен Қазақстан мәселелеріне маманданған тәуелсіз талдамалық платформа. Портал сарапшылық мақалалар, талдамалық шолулар, Concise ақпараттық бюллетені мен Unpacked подкасттарын жариялап, сарапшылар, саяси орта өкілдері және шешім қабылдайтын тұлғалар арасында пікірталас алаңын қалыптастырады. Ресурс қауіпсіз әрі өркендеген Еуропа тұжырымдамасын көршілес өңірлермен әріптестік негізінде ілгерілететін LINKS Europe Foundation қорының басқаруында.
Деннис Саммут - посткеңестік кеңістік бойынша танымал сарапшы, Лондон экономика мектебінің түлегі және Оксфорд университетінің докторы. Ол Кавказдағы бейбітшілік үдерістерін дамытуға қосқан үлесі үшін Британ империясы орденімен марапатталған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
20.02.2026, 10:07 9426
Қазақстан мен Ресей халықаралық қауіпсіздік мәселелері бойынша конструктивті диалогты жалғастыруда
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстанның Сыртқы істер министрлігінде қарулануды бақылау, қарусыздану және таратпау мәселелері бойынша Сыртқы істер министрлерінің жетекшілік ететін орынбасарлары деңгейінде кезекті екіжақты консультациялар өтті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Қазақстан делегациясын министрдің бірінші орынбасары Ержан Ашықбаев, ал Ресей тарапынан министрдің орынбасары Сергей Рябков басқарды. Тараптар жаһандық қауіпсіздік күн тәртібіндегі өзекті мәселелердің кең ауқымын, оның ішінде ядролық қарусыздану мен таратпау режимін нығайту, биологиялық қауіпсіздік және экспорттық бақылау мәселелерін талқылады. Сондай-ақ дипломаттар БҰҰ Бас Ассамблеясының Бірінші комитеті, Қарусыздану конференциясы және биылғы жылы өтетін Ядролық қаруды таратпау туралы шарттың Он бірінші шолу конференциясы аясындағы құзыретті көпжақты құрылымдар аясындағы бірлескен жұмыстың негізгі басымдықтары бойынша пікір алмасты.
Нәтижесінде тараптар осы тақырып бойынша нақты диалогты жалғастыру ниетін растады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
18.02.2026, 12:18Қазақстан мен Молдова парламентаралық өзара іс-қимылды нығайтуға ниетті 18.02.2026, 12:44 192631Қазақстан Президенті Америка Құрама Штаттарына жұмыс сапарымен барады18.02.2026, 14:22 188196ТүркПА Қазақстандағы референдумды бақылайды18.02.2026, 13:20 187826Қазақстанның бастамасымен Женевада медициналық-санитарлық алғашқы көмек жөніндегі Жаһандық коалиция талқыланды18.02.2026, 19:16 133216Анталияда Қазақ киносының күндері өтті
09.02.2026, 22:39 224396Қазақстан мен Үндістан стратегиялық серіктестікті нығайту перспективаларын талқылады10.02.2026, 12:57 210781Қазақстан СІМ басшысы Түркия Елшісін қабылдады10.02.2026, 13:08 210661Қазақстан мен Латвия транзит және көлік саласындағы ынтымақтастықты нығайтуды жалғастыруда10.02.2026, 14:03 210621Қазақстан мен Америка мемлекеттері ұйымы ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады10.02.2026, 16:15 210551Қазақстан мен БҰҰ АзТМЭӘК ынтымақтастықтың басым бағыттарын талқылады

