29.07.2023, 16:02 12481

Алматы облысының құтқарушылары дәретханаға құлап кеткен екі баланы құтқарды

Алматы облысының құтқарушылары дәретханаға құлап кеткен екі баланы құтқарды
Сурет: ТЖМ
2023 жылдың 28 шілдесінде сағат 18.45-де Алматы облысы ТЖД кезекші бөліміне Талғар ауданының Амангелді ауылындағы Әл Фараби көшесінде бала дәретханаға құлағаны туралы хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметінен.

Оқиға орнына келгеннен кейін 2020 жылы туған бала қазылған шұңқырға (дәретханаға) құлап, әкесі оны құтқару үшін арқанның көмегімен 2013 жылы туған қызын қазылған шұңқырға түсіргені, бірақ өз бетінше екі баланы көтеріп шығара алмағаны анықталды.

Алматы облысы ТЖД 3 қызметкері мен техникасы күшімен сағат 18.54-те балалар қазылған шұңқырдан көтеріп шығарылды.

Жедел медициналық жәрдем бригадасы алғашқы медициналық көмек көрсетті.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны