21.06.2022, 16:03 16276

"Алматы спецтехпаркинг сервис" директорын қамауға алу мерзімі ұзартылды

"Алматы спецтехпаркинг сервис" директорын қамауға алу мерзімі ұзартылды
Сурет: pexels.com
АЛМАТЫ. 21 МАУСЫМ - Алматыда "Алматы спецтехпаркинг сервис" ЖШС директоры Марат Принбековты күзетте ұстау мерзімі тағы бір айға ұзартылды. 
 

Алматы қаласы тергеу сотының 2022 жылғы 14 маусымдағы қаулысымен күдіктіге қатысты күзетпен ұстау мерзімін 3 айға дейін ұзартуға санкция беру туралы өтініш қанағаттандырылды. Қаулы заңды күшіне енген жоқ", - деп хабарлады қалалық соттың баспасөз қызметі. 

 
Еске салайық, биыл сәуір айында "Алматы спецтехпаркинг сервис" ЖШС директоры Марат Принбеков 15 маусымға дейін қамауға алынған болатын.
 
Ақпарат көзі: inform.kz 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны