28.08.2023, 16:02 29411

Алматыда Mercedes көлігі аялдамаға соғылды

Жол апаты салдарынан аялдамада тұрған 7 адам зардап шекті. Олар қаланың медициналық мекемелеріне жеткізілді
Алматыда жеңіл автокөлік автобус аялдамасына соғылып, 7 адам зардап шекті, деп хабарлайды Алматы қаласының полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Жол апаты дүйсенбі 12:20-да болған.

36 жастағы жүргізуші Mercedes көлігімен оңтүстік бағытта Абылай хан көшесімен келе жатқан. Райымбек даңғылына бұрылып жатқанда ол рөлге ие бола алмай, аялдамаға соғылған.

Жол апаты салдарынан аялдамада тұрған 7 адам зардап шекті. Олар қаланың медициналық мекемелеріне жеткізілді", - делінген хабарламада.


Аталмыш факті Алмалы ауданы полиция басқармасында тіркеліп, өндіріске алынды.

 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны