14.12.2022, 18:35 26151

Алматыда рейдерлік басып алу: бес күдікті қамауға алынды

Алматыда рейдерлік басып алу: бес күдікті қамауға алынды
Сурет: Polisia.kz
ҰҚТ 11 қатысушыдан құрылған

Алматы. 14 желтоқсан. KAZAKHSTAN TODAY - Қаржылық мониторинг агенттігі Алматыда ауқымды рейдерлік тартып алу фактісі бойынша тергеуді жалғастыруда, деп хабарлайды ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметі.

ҚМА рейдерлікке күдікті Е.Қоспаев пен оның сенімді тұлғаларына қатысты ұйымдасқан қылмыстық топты құру және оған қатысу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді тіркеді", - деп хабарлайды ҚМА.


ҰҚТ 11 қатысушыдан құрылған, оның 5 қамауға алынды, ал ұйымдастырушы Елдос Коспаевпен бірге 6 адамға іздеуге жарияланды.

Агенттік қылмыстық топ Алматы қаласының кәсіпкерлерін қорқыту арқылы рейдерлік әрекеттерін жүзеге асырғанын еске салды.

ҰҚТ зорлық-зомбылық пен қорқыту арқылы кәсіпкерлердің мүлкін тартып алумен, компаниялардағы үлестерін өздерінің атына аударумен және көлеңкелі бизнеспен айналысты", - деп хабарлады агенттік.


Мәселен, 2019 жылғы 4 наурызда Алматы қаласында Қоспаев өзінің сыбайластарымен бірге бизнесті дамытуға 160 млн теңге салған "Profit Trade Ltd" ЖШС иелерін өз үлесінің 40%-ын ҰҚТ-ның белсенді мүшесі Имашевқа жазып беруге мәжбүр етті.

Бұрынғы басшыларды басқармадан шеттете отырып, ҰҚТ мүшелері құжаттарды қолдан жасау арқылы қалған 35% үлесті иеленді. Компания алкоголь өнімдерін көтерме сатумен айналысып, тұрақты табыс әкелген", - делінген ҚМА ақпаратында.


Ал, 2020 жылғы 30 Шілдеде Коспаевтың қылмыстық тобы өз бизнесіне 400 млн.теңгеден астам инвестиция салған "Azovita Aktay" ЖШС мен "Azovita Atyray" ЖШС меншік иесінің өміріне қауіп төндіру арқылы ҰҚТ мүшелеріне кәсіпорындардың жарғылық капиталының 100% үлесін өтеусіз беруге мәжбүр етті.

Қоспаев бастаған жоғарыда аталған ҰҚТ мүшелері компанияларды өз бақылауына алып, оларды Алматы, Атырау, Қостанай, Маңғыстау облыстарында, сондай-ақ Алматы қаласында алкоголь өнімдерін заңсыз сатуға пайдалана бастады", - деп хабарлады агенттік.


Өзінің жазасыздығын сезінген Коспаев пен оның ҰҚТ мүшелері табысты кәсіпорындарды тартып алуды одан әрі жалғастырды.

2021 жылдың шілдесінде Қапшағай су қоймасында "Kapchagai Marina Сlub" ЖШС-не тиесілі құны 2 млн АҚШ долларын құрайтын демалыс аймағын күшпен иемденді.

Сонымен қатар, Қоспаев өзінің сенімді тұлғалары арқылы Алматы қаласының ең беделді аудандарының бірінде "Есентай Сити" тұрғын үй кешенінің құрылысын жүзеге асыратын "AV-Construction" ЖШС-дегі үлесінің 75%-ын иеленді. Қалған 25%-ы белгілі кәсіпкер Әбдіғаппаровқа тиесілі болды, ол 2016 жылы ЖШС атынан тұрғын үй құрылысына 31 га аумақты сатып алды.

Коспаев пен оның серіктестері жеке басын байыту мақсатында туыстарына пәтерлер мен коммерциялық үй-жайларды рәсімдеу арқылы ЖШС мүлкін ұрлады.

2018 жылдың қазан айынан бастап Қоспаев пен ҰҚТ мүшелері Бабаев, Әбіжанов, Танашев, Кудряшова және басқа да тұлғалар 3 жер учаскесін, 20 кеңсе үй-жайын және 113 пәтерді иемденді. Нәтижесінде 4,6 млрд теңге сомасына залал келтірілді", - деді агенттікте.


Қоспаев бірлескен меншік иесі Әбдіғаппаровтың компанияның мүлкін ұрлаумен байланысты шағымдарын болдырмау үшін оның анасы С. Жүнісбековаға ресімделген 25% үлесін иемденуге шешім қабылдады. Абдыгаппаровты ұстау және кейіннен тұтқындау ҰҚТ мүшелері үшін оның қарт анасы С.Жүнісбековаға қысым жасау құралы болды, "AV-Construction" ЖШС-дегі үлесін ұлына түрмеден шығуға көмекке айырбастауға уәде берді.

ҰҚТ мүшелерінің шабуылына төтеп бере алмай, ұлы үшін қорқып, Жүнісбекова компаниядағы өз үлесін өтеусіз ҰҚТ мүшелерінің атына аударып берді", - деп хабарлайды ҚМА.


Тергеу аясында ҰҚТ Қылмыстық жолмен алынған мүлкіне тыйым салынды - бұл 133 жылжымайтын мүлік, 11 жер, 35 премиум көлік және 9 миллион доллар қолма-қол ақша.

Сонымен қатар, Қоспаев ешқандай құжатсыз Алматы облысында қала сыртындағы бассейні, тренажер залы бар сәнді үй салды. Онда ол асыл тұқымды жылқыларды өсірді, жабайы жануарлардан хайуанаттар бағын ұстады - бұл арыстандар, аюлар және т.б.", - деп қосты агенттікте.


Қосымша, Ішкі істер органдарына 2018-2021 жылдар аралығында орын алған, осы үйдің қызметкерін ҰҚТ мүшелерінің бірнеше рет зорлау фактісі бойынша материал жіберілгенін хабарлаймыз.

Рейдерлік басып алу фактісі және ҰҚТ жұмыс істеуіне ықпал еткен қатысушы тұлғаларды анықтау бойынша сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.

Бұған дейін ҚМА бірқатар компанияларды рейдерлік басып алу фактісі бойынша тергеу жүргізіп жатқандығы хабарланған болатын. Алдын ала есептеулер бойынша жәбірленушілерге келтірілген залал сомасы 18 млрд теңгеден асты.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны