15.02.2023, 11:22 30361

Алматыдағы қаңтар айындағы погромдар кезінде ұрланған қару Таразда табылды

Аталған дерекке қатысты сот-баллистикалық сараптамасы тағайындалды
Алматыдағы қаңтар айындағы погромдар кезінде ұрланған қару Таразда табылды
Сурет: gov.kz
Тараз. 15 ақпан. KAZAKHSTAN TODAY - Таразда өткен жылдың қаңтар айында Алматының қару-жарақ дүкенінен ұрланған кезекті қару-жарақтың жасырылған орны табылды, деп хабарлайды Жамбыл облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Тараз қаласының Арай иінінде 2022 жылғы қаңтарда Алматы қаласындағы қару-жарақ дүкенінен ұрланған 308 Win калибрлі "Benelli Argo-E" карабин мылтығы және патронымен бірге 9 мм калибрлі "SM Action" газ тапаншасы табылып, тәркіленді.

gov.kz

Аталған дерекке қатысты сот-баллистикалық сараптамасы тағайындалды. ҚР ҚК 287-бабының 3-бөлігімен "Қаруды, оқ-дәрілерді жарылғыш заттар мен құрылғыларды заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру" фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында біздің қызметкерлер қару-жарақтарды анықтауды және оларды залалсыздандыруды жалғастыруда", - деді ПД ЕҚҚІБ бастығы Әлім Бажықбаев.


Еске салайық, Алматы облысында Алматы-Өскемен тас жолында, Арма ауылының маңында қару-жарақ қоймасы табылған болатын.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны