18.11.2022, 19:52 13351

Астанада Кәрім Мәсімовке қатысты сот басталды

Астанада Кәрім Мәсімовке қатысты сот басталды
Сурет: Polisia.kz
Астана. 18 қараша. KAZAKHSTAN TODAY - Астанада ҰҚК бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімовке қатысты сот басталды, деп хабарлайды елордалық соттың баспасөз қызметі.
 
Іс "өте құпия" деген белгімен қаралуда.
 
Естеріңізге сала кетейік, 8 қаңтарда комитеттің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімовтің мемлекетке опасыздық жасады деген күдікпен ұсталғаны белгілі болды. Кейін ҰҚК іс бойынша билікті күшпен басып алуға бағытталған іс-әрекеттер фактілері бойынша тергеу басталғанын нақтылады. Мәсімовпен қатар ҰҚК төрағасының бұрынғы орынбасарлары: "А" арнайы тағайындау қызметінің бастығы Әнуар Садықұлов пен Дәулет Ерғожин де ұсталып, іс бойынша өтуде. Мәсімовтің ісіҚР Қылмыстық кодексінің бес бабы бойынша тергелуде.
 
Бас прокуратура Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшыларына қатысты қылмыстық істі зерделеу нәтижесі бойынша тергеу органының айыптау актісін бекітті. 7 қарашада қылмыстық іс Астана қаласының Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына қарау үшін жолданды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны