25.06.2025, 18:49 67971

Қазақстандықтар БАӘ мен Катардан елге жеткізіледі: айдың соңына дейін 8 рейс жоспарланған

Қазақстандықтар БАӘ мен Катардан елге жеткізіледі: айдың соңына дейін 8 рейс жоспарланған
Бүгін SCAT және Air Astana әуе компаниялары Дубай мен Доха қалаларынан Алматы мен Астанаға 6 рейс орындайды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің баспасөз қызметінен.

Таяу Шығысқа ұшулар әлі де алты мемлекеттің (Иран, Израиль, Ирак, Иордания, Сирия және Ливан) әуе кеңістігін айналып өту арқылы жүзеге асырылуда.

Мәселен, Air Astana 25 маусымнан бастап Дубайдан Алматы мен Астанаға, сондай-ақ Дохадан Алматыға ұшатын әуе рейстерін қайта іске қосты. Бүгінгі күнге дейін шегеріліп келген рейстердің жолаушыларын елге қайтару үшін қосымша репатриациялық рейстер де ұйымдастырылады.

SCAT" әуе компаниясы азаматтарды Катар елінен Қазақстанға шығара бастады. "Доха-Алматы" рейсі бүгін Катар уақытымен сағат 07:35-те орындалды. Бортта 213 жолаушы болды. Сондай-ақ, бүгін "Доха-Астана" рейсі орындалады. Борт Дохадан Катардың жергілікті уақытымен сағат 14:30-да ұшады деп жоспарланған. Жолаушылардың саны - 290 адам.


Азаматтарды әкетуге арналған келесі жоспарланған чартерлік рейстер:

27.06.25 Доха-Астана

29.06.25 Доха-Алматы
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны