30.03.2022, 17:44 15396

Қазақстанның төрт қаласының тұрғындары дауыл салдарынан электр жарығынсыз қалды

Қазақстанның төрт қаласының тұрғындары дауыл салдарынан электр жарығынсыз қалды
НҰР-СҰЛТАН. 30 НАУРЫЗ - ҚР бірқатар өңірлерінде қатты желдің салдарынан 4 қалада 70 133 абонент электр қуатынсыз қалды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
ҚР бірқатар өңірлерінде қатты желдің салдарынан 4 қалада (Атырау, Талдықорған, Текелі, Павлодар қалаларында) 70 133 абонент және 6 облыста (Алматы, Атырау, Ақмола, Қарағанды, СҚО және Павлодар облыстары) 194 елді мекен электр қуатынсыз қалды.
 

ТЖ министрлігінде ТЖ-ны жою жөніндегі республикалық штаб құрылды. Ақмола, Ақтөбе, Павлодар, Қостанай, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан облыстарында осындай штабтар жұмыс жүргізуде. Психологиялық көмек және ақпараттық қолдау көрсету үшін республикалық және аумақтық штабтарда жедел желі телефоны жұмыс жасайды", - деп атап өтті ведомствода.

 
Өткен тәулікте құтқару бөлімшелері Нұр-Сұлтан қаласы, Ақмола, Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай облыстарында 814 адамды, оның ішінде 101 бала және 3 жүкті әйел құтқарылды және эвакуацияланды. Авариялық-құтқару жұмыстарына ТЖМ,ІІМ, жергілікті атқарушы органдар мен жол қызметтерінен 539 адам және 277 бірлік техника жұмылдырылды.
 
Ақмола, Қарағанды, Павлодар, Қостанай облыстарының жылыту пункттерінде 89 адам, оның ішінде 11 бала бар.
 
Автожолдардың жабық учаскелерінде халықты эвакуациялау үшін уақытша жылытудың 40 пункті дайындалды. Жол қызметтері қарды тазалау жұмыстарын жүргізуде.
 

Халықты ескерту мақсатында ауа райының нашарлауы туралы 74 СМС-хабарлама жіберілді және "Дәрмен" мобильдік қосымшасы арқылы 56 хабарлама жолданды, 15 телерадиоэфирмен қармау жүргізілді. Қазіргі уақытта автожолдардың 86 учаскесі жабылды, оның ішінде 33 республикалық және 53 облыстық маңызы бар. Бұл ретте автокөліктердің жиналуы Қарағанды (593 бірлік техника), Ақмола (546), Қостанай (53) обл. және Нұр-сұлтан қ. (60) блокпосттарында байқалады", - деп хабарлады ТЖМ.

 
Бұған дейін хабарланғандай, Нұр-Сұлтанда ауа-райының қолайсыздығына байланысты бірінші ауысымдағы колледж студенттері үшін күндізгі сабақтар, сондай-ақ әуе рейстері тоқтатылды.
 
Ауа-райының қолайсыздығына байланысты республикада ТЖМ жедел штабы құрылды.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны