26.07.2023, 18:03 19036

Екібастұзда автогаз құю бекетінде жарылыс болды

Өрттің көрші ғимараттарға, жолдан кейін 100 м қашықтықта орналасқан үйлерге өту қаупі бар
Екібастұзда автогаз құю бекетінде жарылыс болды
Сурет: ТЖМ
Екібастұз қаласында 4 автогаз құю бекеті өртке оранды, деп хабарлайды төтенше жағдайлар министрлігі.

Министрліктің мәліметінше, өрт Екібастұз қаласындағы Қонаев 5 мекенжайында орналасқан автокөліктерге автогаз құю бекетінен шыққан.

Өрт бекетке жақын орналасқан "Феруза" азық-түлік дүкеніне ауысты. Өрттің көрші ғимараттарға, жолдан кейін 100 м қашықтықта орналасқан үйлерге өту қаупі бар", - деп хабарлады министрлік.


Оқиға орнында 20 қызметкер мен 7 техника жұмыс істеп жатыр.

Сағат15.00-де түскен ақпаратқа сүйенсек, қазіргі сәтте өртт оқшауланды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны