26.07.2023, 18:12 20961

Екібастұзда өртенген газ құю бекетінен ер адамның денесі табылды

Оқиғаның мән-жайы анықталуда
Екібастұздың автогаз құю бекетіндегі өрт сөндірілді, деп хабарлайды Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен.

26 шілде сағат 13:24-те Екібастұз қаласы Қонаев, 5 көшесінде орналасқан АГҚБ газ құйылған 4 резервуар жанды. Сондай-ақ, оқиға орнында шамамен 40 газ баллон болған. Өрт жақын маңдағы "Феруза" азық-түлік дүкеніне өтіп, шамамен 200 шаршы метр аумақтағы шатыр, сондай-ақ 20 шаршы метр аумақтағы су мұнарасының шатыры өртенді. Сағат 15:22-де цистернаның жанынан жас ер адамның денесі табылды. Жеке басы анықталып жатыр. Өрт 15:00-де оқшаулауланып, 15:44-те сөндірілді. Оқиғаның мән-жайы анықталады. Жеке сектор жолдың арғы жағында 100 м астам қашықтықта орналасқан. Тұрғындарды эвакуациялау жүргізілген жоқ", - дем мәлім етті департаменттен.

 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны