16.11.2022, 16:07 14411

Елордалық әуежайда шатыр ағып жатыр

Елордалық әуежайда шатыр ағып жатыр
Сурет: видеодан кадр
Астана. 16 қараша. KAZAKHSTAN TODAY - Астанадағы халықаралық әуежай терминал төбесінен су кету себебін айтты, деп хабарлайды әуежайдың баспасөз қызметі.
 

Нысан 2017 жылы пайдалануға берілген. Шартқа сәйкес мердігер орындалған жұмыстардың сапасына және 10 жыл мерзімге тірек пен қоршау конструкцияларына кепілдік берді. Алайда, әуежай қызметтері мезгіл-мезгіл ғимарат төбесінен су кету проблемалары анықталды. Осыған байланысты әуежай техникалық тексерулер жүргізді. Нәтижесінде Т-1 терминалының шатырының құрамы бекітілген жобаға сәйкес келмейтіні анықталды. Бұл факт шатырды ашып, тексеру нәтижесінде анықталды", - делінген хабарламада.

 
Әуежай Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына осы аталған мәселе бойынша арыз берген.
 
Ақпарат көзі: inform.kz
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны