10.01.2022, 13:58 21516

ІІМ: Қазақстанда 7 939 адам ұсталды

ІІМ: Қазақстанда 7 939 адам ұсталды
Сурет: facebook Сергей Алексеенок
НҰР-СҰЛТАН. 10 ҚАҢТАР - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ақпараты бойынша, бүкіл ел бойынша 7 939 адам ұсталды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Ведомствоның ақпараты бойынша, Алматыда Ұлттық Ұланның және арнайы мақсаттағы бөлімшелердің әскери қызметшілерінің қатысуымен жедел іс-шаралар өткізу кезінде екі базардан 207 адамды ұстады. 
 

Ұрланған 5 автомобиль, ұрланған тауар-материалдық құндылықтар (жаңа компьютерлік процессорлар, ноутбуктер, музыкалық орталық), сондай-ақ 2 бірлік тегіс ұңғылы және 4 суық қару тәркіленді", - деп нақтылады ІІМ баспасөз қызметі.

 
Бұған дейін хабарланғандай, Алматы аумағында екі экстремистік топ құрықталды, олардың мүшелері 2022 жылғы 4-8 қаңтар аралығында жаппай тәртіпсіздіктерге белсенді қатысты.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны