11.01.2022, 11:02 23741

ІІМ: құқық қорғау органдары 9 900 адамды ұстады

ІІМ: құқық қорғау органдары 9 900 адамды ұстады
Сурет: facebook Сергей Алексеенок
НҰР-СҰЛТАН. 11 ҚАҢТАР - Қазақстанда 9 900 адам ұсталды. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігі мәлімдеді.
 

11 қаңтардағы жағдай бойынша ішкі істер органдарына 9 900 адам жеткізілді", - деп хабарлады Ішкі істер министрлігінің жедел штабы.

 
Жедел штаб таратқан мәлімет бойынша, полиция қызметкерлері Тараз қаласында Ұлттық ұлан және арнайы жасақ әскери қызметшілермен бірлесе отырып, Макаров тапаншасын (біреу), тапашнаның оғы жоқ отсауыттары, оқ өткізбейтін жилет (біреу), "TOZ 35" пневматикалық тапаншасы тәркілеген.
 
Сотқа дейінгі тергеу басталды.
 
Бір күн бұрын ҚР Ішкі істер министрлігінің жедел штабы республика бойынша 7 939 адамның ұсталғанын хабарлаған болатын.
 
Ақпарат көзі: zakon.kz
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

Тегтер:ІІМҰстау

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны