27.05.2023, 11:08 16286

Көлік Петропавлдағы аялдама павильонын соқты: зардап шеккендер бар

Аталған факті ҚР ҚК 345-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелді
Көлік Петропавлдағы аялдама павильонын соқты: зардап шеккендер бар
 26 мамыр күні Петропавл қаласының 45 жастағы тұрғыны Honda Fit маркалы көлік құралын басқарып келе жатып Lifan маршруттық автобусымен соқтығысқан, деп хабарлайды Polisia.kz

Соқтығыстан кейін Honda Fit автокөлігінің жүргізушісі көлік тізгініне ие бола алмай, ішінде автобусты күткен азаматтар тұрған Жамбыл көшесіндегі аялдама павильонына барып соғылған.

Жедел жәрдем қызметкерлері түрлі медициналық мекемелерге үш адамды жеткізді. Тексеру нәтижелері бойынша зардап шеккен әйелдердің бірі облыстық ауруханаға жатқызылды.

Жүргізушілерге медициналық тексеру жүргізілді, алдын-ала мәліметтер бойынша, екі жүргізуші де мас емес. Көлік құралдары арнайы айып тұрағына қойылды.

Аталған факті ҚР ҚК 345-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Сараптамалар тағайындалды, анықтау жүргізілуде.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны