09.11.2023, 18:02 74616

Павлодар облысында ЖКО салдарынан екі адам ажал құшты

Павлодар облысында ЖКО салдарынан екі адам ажал құшты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

8 қараша күні сағат 21.00-де Астана – Павлодар автожолында Lada көлігінің жүргізушісі қауіпсіз қозғалыс жылдамдығын таңдамай, өз көлігін жөндеп жатқан КамАЗ көлігінің жүргізушісін қағып кеткен. Осыдан кейін Lada автокөлігі КамАЗ көлігінің артқы жағынан соққан.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан КамАЗ жүргізушісі мен Lada көлігінің жолаушысы оқиға орнында алған жарақаттарынан қайтыс болды. Жеңіл автокөліктің кәмелетке толмаған жолаушысы жарақат алып ауруханаға жатқызылды", – деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.


ЖКО фактісі бойынша тексеру жүргізілуде, сараптама тағайындалды. Автокөліктер айыппұл тұрағына қойылды.
 
 
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны