29.08.2023, 22:46 38641

Павлодар облысының Екібастұз қаласында күкірт қышқылы төгілді

Күкірт Екібастұз қаласының Екібастұз-2 станциясы, №6 жолда цистернадан төгіліп жатқандығы белгілі болды
Павлодар облысының Екібастұз қаласында күкірт қышқылы төгілді, деп хабарлайды ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінен.

28 тамызда кезекші Әскерилендірілген күзетшіден Екібастұз қаласы Екібастұз-2 станциясы, №6 жолда цистернадан күкірт қышқылының төгіліп жатқандығы туралы хабарлама келіп түсті", деп көрсетілген мәлімдемеде.


Тасымалданатын жүктің жалпы көлемі (күкірт қышқылы (құрамында 51% - дан аспайтын қышқыл бар)) 78,3 тоннаны (2 вагон) құрайды. Оқиға орнын полиция, әскери теміржол күзеті басқармасының қызметкерлері қоршауға алды. Жергілікті жерде мүдделі мемлекеттік органдар бөлімшесінің қызметкерлері мен тасымалдаушының өкілдері қатарынан Штаб құрылды. Күкірт қышқылының төгілуін тоқтатуға ТЖД қызметкерлері жұмылдырылды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны