09.10.2023, 16:46 82031

Шымкентте 3 жасар бала төртінші қабаттан құлап кетті

Бала Шымкент қаласындағы облыстық клиникалық балалар ауруханасына жатқызылған, жағдайы ауыр
Шымкентте үш жасар бала 4-қабаттан құлап кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оқиға Сайрам шағын ауданында болды. Ата-анасының қарауынсыз қалған 2020 жылы туған бүлдіршін 4-ші қабаттан құлап кеткен.

Қазір ол Шымкент қаласындағы облыстық клиникалық балалар ауруханасына жатқызылды. Жағдайы ауыр.

Оған мидың шайқалуы, жіліншіктің жабық сынуы, іштің доғал жарақаты диагнозы қойылып отыр.

Алдын ала болжам бойынша, бала москит торына сүйеніп, сонымен бірге құлап кеткен. Осы уақытта анасы басқа бөлмеде болған. Құрметті ата-аналар! Балаларыңызды қараусыз қалдырмаңыздар" - делінген Шымкент қаласы ТЖД қоғаммен байланыс тобы таратқан ақпаратта.


Айта кетейік, жыл басынан бері Шымкентте балалардың терезеден құлауының 7 фактісі тіркелді. Үш бүлдіршін қайтыс болса, төртеуі жарақат алған.

Бәрінде сәбилер ата-анасының қарауынсыз қалған.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны