27.05.2023, 11:53 16226

Солтүстік Қазақстан облысында даладан ер адамның мәйіті табылды

Ер адамға найзағай түскені анықталды
2023 жылғы 25 мамырда СҚО Аққайың аудандық полиция бөлімінің кезекші бөліміне Аққайың ауданы Дайындық және Ленинское ауылдарының арасында 31 жастағы ер адамның мәйіті табылғандығы туралы телефон арқылы хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды Polisia.kz.

Ер адам мал бағушы ретінде жұмысқа орналасып, жайылымда мал бағып жүрген.

Ер адамға найзағай түскені анықталды, нәтижесінде ол және оның жылқысы оқиға орнында қайтыс болды.

Тергеу әрекеттері жүргізілуде, сот-медициналық сараптама тағайындалды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны