06.01.2022, 02:08 361

Тәртіпсіздік салдарынан полиция мен Ұлттық ұланның 8 қызметкері қаза тапты

ІІМ хабарына қарағанда, Ұлттық ұлан мен полицияның 317 қызметкері жарақат алған, 8-і қаза тапқан.
АЛМАТЫ. 6 ҚАҢТАР - Қазақстанда тәртіпсіздіктер кезінде Ұлттық ұлан мен полицияның 8 қызметшісі қаза тапты.
 
ІІМ хабарына қарағанда, Ұлттық ұлан мен полицияның 317 қызметкері жарақат алған, 8-і қаза тапқан. 
 

Қазіргі уақытта арандату мен тәртіпсіздікке қатысуды шиеленістірмеудің алдын алу үшін барлық шара қолданылып жатыр", - деп хабарлады ІІМ өкілдері.

 
Сонымен қатар, тас лақтыру, арматурамен және битамен ұру, жанғыш сұйық затпен шабуылдау әрекеттері болғаны айтылады. Мемлекеттік басқару, сауда, тамақтану және банк қызметін көрсететін нысандар шабуылға ұшырағаны белгілі болды. Бүлінгендер қатарында денсаулық сақтау арнайы көліктері, өрт сөндіру машиналары және азаматтардың мүліктері бары айтылады.
 
Хабар соңында ведомстводағылар халықты арандатуға ермей, заңсыз әрекеттің арты жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертті.

 
Ақпарат көзі: tengrinews.kz
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны