10.02.2022, 18:56 39836

Танымал қазақстандық блогерлер қаржы пирамидасын құрды деген күдікке ілінді

Танымал қазақстандық блогерлер қаржы пирамидасын құрды деген күдікке ілінді
Сурет: Depositphotos
АЛМАТЫ. 10 АҚПАН - Танымал вайнерлер қаржы пирамидасын құрды деген күдікке ілінді, деп хабарлады Алматы қалалық соты.
 
Әңгіме танымал блогерлер Мейіржан Төребаев, Азизжан Саидбаев және Мейірхан Шерниязов туралы. Олар Қылмыстық кодекстің 217-бабы 3-бөлігі 2-тармағы "Қаржылық (инвестициялық) пирамиданы құру және оған басшылық ету" бойынша қылмыс жасады деген күдікке ілінген. Олар 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
 
Тергеу соты олардың екеуін кепілмен босатып, біреуін екі айға сырттай қамауға алған.
 

Азаматтар Т. және Ш-ға қатысты 1000 АЕК мөлшерінде кепіл түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялау туралы өтінішхат қанағаттандырылды. Азамат С-ны сырттай қамауға алу туралы арыз түсті. Өтініш қанағаттандырылды: күдіктіге қатысты екі ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды", - деді соттың баспасөз қызметіндегілер.


 
Ақпарат көзі: tengrinews.kz
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны