05.06.2023, 17:38 13341

Тайландта 2 қазақстандық суға батып кетті

Мүрделерді жеткізу бойынша келіссөз жүруде
Тайландта суға батып кеткен Қазақстанның 2 азаматының мүрдесін елге жеткізу үшін келіссөз жүргізіліп жатыр. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлім етті, деп хабарлайды Inform.kz.

Өкінішке орай кеше кешкісін азаматымыз қайтыс болды, жүрегі тоқтап қалды. Әрине, үміт болды. Жас ағза болғандықтан барлығын жасадық. Тай дәрігерлерімен кеше сөйлестік. Осыдан екі күн бір әке-шешісі Пхукетке ұшып барды. Консул олардың жанында, бірге тай дәрігерлермен сөйлескен болатын. 1 маусым күні ауруханадан "азаматтарыңыз ауыр халде, жансақтау бөліміне түсті" деген қоңырау түсті. Біздің азаматтарымызға айтарым бір нәрсе ғана - жергілікті билік суға түспеу туралы хабарлама берсе, сол ережелерді сақтау қажет. Өйткені, 3 маусым күні тура сол жағажайда тағы бір азаматымыз суға батып кетті. Оны құтқарып үлгермеді. Екеуінің де мүрдесі Қазақстанға жеткізіледі. Туыстарымен жұмыс істеп жатырмыз. Құжаттары рәсімделеді. Әуе компаниясымен және мүрдені жеткізетін өзге де компаниялармен келіссөз жүргізіп жатырмыз", - деді ведомствоның ресми өкілі.


Айбек Смадияров қайтыс болған жігіт қалыңдығын құтқарамын деп суға түскен деген ресми ақпараттың болғанын растады.

Бірақ, басында ешкім болған жоқ. Оны айта алмаймыз. Не болса да суға түспеу қажет. Өкінішке орай тай құтқарушыларының ақпаратына сәйкес, суға түспеуге қызыл жалау шығарылған күні ТМД азаматтары ережені бұзып суға түседі екен", - деді ол.


Бұған дейін, суға батып кеткен отандасымыздың жансақтау бөлімінде жатқаны хабарланған еді.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны