30.07.2023, 21:54 11971

Жетісу облысында жол апаты салдарынан төрт адам мерт болды

Аталған көліктен тағы үш бала әр түрлі дене жарақаттарымен аудандық ауруханаға жатқызылды
Жетісу облысында жол апаты салдарынан төрт адам мерт болды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Апат Алматы-Өскемен автожолының 453 шақырымында орын алды.

38 жастағы Hyundai Veracruz жүргізушісі рөлді басқара алмай, басып озу маневрін жасай отырып, Daf FTXF 105 ауыр жүк көлігімен соқтығысып, содан кейін инерция бойынша Volkswagen Passat көлігімен соқтығысты.

Апат салдарынан Hyundai жүргізушісі және оның үш жолаушысы сол жерде көз жұмды. Аталған көліктен тағы үш бала әр түрлі дене жарақаттарымен аудандық ауруханаға жатқызылды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны