04.02.2026, 23:43 236
Қасым-Жомарт Тоқаевқа Пәкістанның ең жоғары мемлекеттік наградасы - Nishan-e-Pakistan ордені табысталды
Сурет: Akorda
Достарға айту
Исламабадта өткен салтанатты іс-шарада Пәкістан Президенті Асиф Али Зардари мен Премьер-министрі Шахбаз Шариф Мемлекет басшысын Nishan-e-Pakistan орденімен марапаттады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Награда ел дамуына ерекше үлес қосқан Пәкістан азаматтарына және шетелдік мемлекет, саясат, сондай-ақ қоғам қайраткерлеріне беріледі.
Жиынға Пәкістанның Үкімет мүшелері, Парламент депутаттары, Қарулы күштерінің жоғары басшылық құрамы және дипломатиялық корпус өкілдері қатысты.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
09.02.2026, 22:39 5381
Қазақстан мен Үндістан стратегиялық серіктестікті нығайту перспективаларын талқылады
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Үндістан Республикасының Елшісі Сайлас Тангалды қабылдады, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Сұхбат барысында тараптар Қазақстан мен Үндістан арасындағы стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтуға өзара мүдделілігін, сондай-ақ БҰҰ, ШЫҰ және АӨСШК-ті қоса алғанда, көпжақты алаңдар аясында тығыз өзара іс-қимылды жалғастыруға дайын екендіктерін растады.
Орталық Азия - Үндістан" диалогын өңірлік ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылауға арналған маңызды платформа ретінде одан әрі ілгерілетудің маңыздылығы аталып өтті.
Министр Үндістанды Оңтүстік Азиядағы негізгі серіктес ретінде атап өтіп, Қазақстан мен Үндістан арасындағы ынтымақтастықты дамытудың ерекше маңыздылығын айтты. Сауда-экономикалық және инвестициялық өзара іс-қимылдың басымдығына, көлік-логистикалық байланыстарды дамытуға, сондай-ақ мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық пен туризмді нығайтуға ерекше назар аударды.
Өз кезегінде Елші кездесу үшін алғысын білдіріп, Нью-Делидің Қазақстанмен көпформатты ынтымақтастықты белсендетуге қызығушылығын растады.
Кездесу қорытындысы бойынша сұхбатттастар екіжақты және көпжақты өзара қарым-қатынастың өзекті мәселелері бойынша тұрақты байланыста болуға уағдаласты.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
09.02.2026, 21:12 6291
Қазақстан-Cербия ынтымақтастығының перспективалары ҚР СІМ-де талқыланды
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Қуантыров Сербия Республикасы үкіметінің халықаралық экономика мәселелеріне жауапты министрі Ненад Поповичпен кездесу өткізді, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Кездесу барысында саяси ынтымақтастық және сауда-экономикалық ықпалдастықты қоса алғанда кең ауқымды мәселелер талқыланып, 2026 жылға жоспарланған екіжақты іс-шаралар мен сапарлардың күнтізбесі қарастырылды.
Сербия - Балқан өңіріндегі біздің ең маңызды серіктестеріміздің бірі. Біз аса жоғары және жоғары деңгейлердегі тұрақты саяси диалогты, екі ел парламенттеріндегі достық топтарының өзара іс-қимылын, сондай-ақ Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның жұмысын қамтитын тиімді институционалдық ынтымақтастық архитектурасын қалыптастырдық", - деп атап өтті Ә.Қуантыров.
Кездесу барысында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2024 жылғы 18-19 қарашада Сербияға жасаған ресми сапарының қорытындылары бойынша қол жеткізілген уағдаластықтарды, сондай-ақ 2025 жылғы 8 тамызда Алматы қаласында өткен Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның 4-отырысының шешімдерін іске асыру мәселелеріне ерекше назар аударылды. Атап айтқанда, Астана мен Белград арасындағы тікелей әуе қатынасының іске қосылуына қанағаттанушылық білдіріліп, бұл қадам екі ел халықтары мен бизнес қауымдастықтары арасындағы өзара іс-қимылды дамытуға ықпал ететіні аталып өтті.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар өзара сенім мен өзара тиімді ынтымақтастық негізінде қазақ-серб қатынастарын одан әрі дамытуға ниетті екендерін растады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
09.02.2026, 20:09 6206
Брюссельде Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдығына арналған поэтикалық іс-шара өтті
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Брюссель қаласындағы Қазақ мәдени орталығында ХХ ғасырдағы қазақ поэзиясының көрнекті өкілдерінің бірі Мұқағали Мақатаевтың туғанына 95 жыл толуына арналған әдеби іс-шара өтті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Іс-шара поэзия бойынша ашық сабақ форматында ұйымдастырылып, Бельгияда қазақ тілі мен мәдениетін үйреніп жүрген балалар мен ересектертер белсенді қатысты. Бағдарлама аясында ақынның өлеңдері оқылып, сөзіне жазылған әндер орындалды. Мұқағали Мақатаевтың шығармалары қазақ, француз, ағылшын және нидерланд тілдерінде орындалып, оның поэзиясының көптілді әрі халықаралық ортада да сұранысқа ие екені көрініс тапты.
Жылы әрі еркін атмосферада қатысушылар поэзияның ұрпақтар мен мәдениеттер арасындағы рухани байланыс құралы ретіндегі рөлі туралы пікір алмасты.
Бельгияда қазақ тілі мен әдебиетін насихаттау бағытындағы жұмыстардың бір бөлігі ретінде өткен іс-шарада, Мұқағали Мақатаевтың поэзиялық мұрасы бүгінгі көпмәдениетті ортада да өзектілігін сақтап отырғанын көрсетті.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
09.02.2026, 19:06 6441
Қазақстанның инфрақұрылымдық жобалары Кувейт араб экономикалық даму қорының назарында
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстанның Кувейттегі Елшісі Ержан Елекеев Kuwait Fund for Arab Economic Development Бас директорының м.а. Уалид Әл-Бахармен кездесу өткізді, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Kuwait Fund for Arab Economic Development (KFAED) арасындағы ынтымақтастықты қайта жандандыру және нығайту перспективаларын, сондай-ақ басым инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру үшін техникалық көмек құралдарын тарту мүмкіндіктерін талқылады.
Кездесу қорытындысы бойынша Қордың 2026 жылы Қазақстанға техникалық көмек көрсету мақсатында 5 млн АҚШ долларына дейін қаражат бөлуге дайын екендігі туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. Аталған қолдау технико-экономикалық негіздемелерді әзірлеуге, жобалау-іздестіру жұмыстарын жүргізуге, сондай-ақ бейінді мамандарды даярлау мен оқытуға бағытталады, бұл жобаларды сапалы дайындауға және оларды тиімді іске асыруға мүмкіндік береді.
KFAED үшін өзекті басым бағыттар ретінде энергетикалық инфрақұрылымды, соның ішінде қосалқы станцияларды жаңғырту, тазарту құрылыстарын салу және жаңарту, ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтау инфрақұрылымын дамыту, сондай-ақ жол инфрақұрылымын салу және дамыту айқындалды.
Қазақ Елшісі Қордың техникалық көмек құралдарын тарту инфрақұрылымдық жобаларды дайындау сапасын арттыруға, оларды іске асыру мерзімдерін жеделдетуге және халықаралық стандарттарға сәйкестігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретінін атап өтті.
Өз кезегінде Kuwait Fund for Arab Economic Development басшылығы Қазақстанмен ынтымақтастықты қайта жандандыруға және оны одан әрі нығайтуға дайын екенін білдірді. Сондай-ақ Қазақстаннан ресми делегацияны Кувейтте қабылдап, өзара іс-қимылдың перспективалы бағыттары мен нақты бірлескен жобаларды егжей-тегжейлі талқылауға дайын екендігін растады.
Тараптар алдағы кезеңде Қор қолдауымен іске асырылуы мүмкін жобалардың тізбесін айқындау мақсатында профильдік ведомстволар арқылы тұрақты байланыстарды жалғастыруға уағдаласты.
Kuwait Fund for Arab Economic Development Азия, Африка және басқа да өңірлердегі жобаларға қаржылық және техникалық қолдау көрсететін жетекші өңірлік даму институттарының бірі болып табылады. Қор 1961 жылы құрылған және инфрақұрылым, энергетика, көлік және әлеуметтік-экономикалық даму салаларындағы бастамаларды қолдауға маманданған. Қызметі барысында мақұлданған қаржыландыру көлемі ондаған миллиард АҚШ долларынан асып, жобалар әлемнің 100ден астам елінде жүзеге асырылуда. Қор жыл сайын басым даму жобаларын қолдау үшін жеңілдетілген несиелер мен техникалық көмекке елеулі қаражат бөледі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
09.02.2026, 18:03 6661
Қазақстан мен Иордания индустриялық аймақтар мен инвестициялар саласындағы байланыстарды нығайтуда
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстанның Иордан Хашимит Корольдігіндегі Елшісі Талғат Шалданбай "PBI Aqaba Industrial Estate LLP" компаниясының Бас атқарушы директоры Әдел И Янмен кездесті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Кездесу барысында Қазақстан мен Иордания арасындағы инвестициялық және өнеркәсіптік ынтымақтастықты дамытудың ағымдағы үрдістері мен перспективалары талқыланды. Тараптар арнайы (еркін) экономикалық аймақтар мен индустриялық парктер саласындағы өзара іс-қимылды кеңейту мәселелері, сондай-ақ қазақстандық бизнестің қатысуымен бірлескен жобаларды іске асыру мүмкіндіктері жөнінде пікір алмасты.
Елші иордандық серіктестермен практикалық ынтымақтастықты дамытуға және қазақстандық компаниялардың Таяу Шығыс пен шектес өңірлердің нарықтарына шығуы үшін Ақабаның индустриялық аймақтарының әлеуетін пайдалануға мүдделілігін атап өтті.
PBI Aqaba Industrial Estate" өкілдері компанияның қызметі, инвесторларды сүйемелдеу тәсілдері және Орталық Азия компанияларымен өзара іс-қимылды дамытуға дайындығы туралы хабардар етті.
Бизнес өкілдерінің танысу сапарлары мен кездесулерін ұйымдастырумен қатар іскерлік байланыстарды дәйекті түрде арттыру мәселелеріне және әрі қарай өзара іс-қимылдың ықтимал форматтарына ерекше назар аударылды.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар инвестициялық және өнеркәсіптік салалардағы екіжақты ынтымақтастықты үдемелі дамытуға бағытталған тұрақты байланыстар мен тығыз өзара іс-қимылды қолдауға дайын екендіктерін растады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
09.02.2026, 17:27 19431
Кувейтте Қазақстанның цифрлық жетістіктері таныстырылды
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстанның Кувейттегі Елшісі Ержан Елекеев Қазақстанның Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің делегациясымен бірлесіп "Digital Cooperation Organization (DCO)" ұйымының 5-ші Бас ассамблеясы мен Халықаралық цифрлық ынтымақтастық форумының жұмысына қатысты, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Цифрлық экономиканың болашағына арналған тақырыптық панель аясында Е.Елекеев Қазақстанның цифрлық трансформация нәтижелерін таныстырды. БҰҰ-ның 2024 жылғы электрондық үкіметті дамыту индексіне сәйкес Қазақстан әлемнің 193 мемлекеті арасында 24-орынды иеленіп, электрондық үкіметтің дамуы өте жоғары елдер тобына кіреді, ал онлайн қызметтер көрсеткіші бойынша әлемде 10-орында тұр.
Қазақстанның цифрландыруға экономикалық инфрақұрылымның негізгі элементі және бәсекеге қабілеттілікті арттыру құралы ретінде қарайтын стратегиялық тәсілі аталып өтті. Платформалық электрондық үкіметті дамыту, проактивті мемлекеттік қызметтерді енгізу және азаматтар мен бизнес үшін цифрлық шешімдерді кеңейту бойынша қабылданып жатқан шаралар таныстырылды.
Сонымен қатар Қазақстанның Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша іске асырылып жатқан жеделдетілген цифрлық трансформацияның үш жылдық кешенді бағдарламасы туралы ақпарат берілді. Бағдарлама жасанды интеллект инфрақұрылымын дамыту, деректерді өңдеу орталықтарын салу, есептеу қуаттарын кеңейту және кадрлар даярлауды қамтиды.
Қазақстан электрондық үкімет, жасанды интеллект, цифрлық сервистер және киберқауіпсіздік салаларында "Digital Cooperation Organization" ұйымына мүше елдермен практикалық тәжірибе алмасуға дайын екенін растады.
Өткен іс-шаралар аясында Қазақстанның "Digital Cooperation Organization" ұйымына қосылу мәселесі де талқыланды. Осылайша, қазақстандық делегацияның DCO іс-шараларына қатысуы цифрландыру саласындағы халықаралық серіктестікті нығайтуға және ұлттық технологиялық даму тәжірибесін халықаралық деңгейде ілгерілетуге бағытталған маңызды қадам болды.
Digital Cooperation Organization ұйымы 16 мемлекет-қатысушыны біріктіреді және цифрлық экономиканы дамыту мен технологиялық өзара іс-қимыл мәселелері бойынша негізгі халықаралық платформалардың бірі болып табылады. Іс-шараларға ұйымға мүше мемлекеттердің ақпараттық технологиялар мен цифрландыру салаларына жетекшілік ететін министрлері мен мемлекеттік органдардың басшылары қатысты.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
09.02.2026, 16:24 19661
Қазақстанның конституциялық реформалары Румыния Парламентінде талқыланды
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстанның Румыниядағы Елшісі Ерлік Әли Румыния Парламентінің Сенаторы, "Қазақстан-Румыния парламентаралық достастық" тобының төрағасы Кристиан-Августин Никулеску-Цыгырлашпен Қазақстан Конституциясының жаңа жобасына және жалпы конституциялық реформаға қатысты кездесу өткізді, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
К.Никулеску-Цыгырлаш Конституцияның жаңа жобасы мен жалпы конституциялық реформаны мемлекет институттарын жаңғыртудың маңызды құралы ретінде бағалады. Оның пікірінше, қазіргі саяси, экономикалық және технологиялық өзгерістер жағдайында негізгі заң қоғамның жаңа қажеттіліктеріне жауап беруі тиіс, ал реформа билік тармақтары арасындағы тепе-теңдікті күшейтіп, құқықтық айқындықты арттыруға бағытталуы керек.
К. Цыгырлаштың ойы бойынша Румыния үшін мұндай реформаның басты пайдасы - мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыру және азаматтардың мемлекетке деген сенімін күшейту.
Сенатор конституциялық нормаларды нақтылау сот тәуелсіздігін нығайтуға, сайлау процестерінің ашықтығын қамтамасыз етуге және негізгі құқықтар мен бостандықтарды қазіргі заман талаптарына сай қорғауға мүмкіндік беретінін атап өтті.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
06.02.2026, 23:20 19836
Грекия Парламентінде Қазақстандағы конституциялық реформалар талқыланды
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстанның Грекиядағы Елшісі Тимур Сұлтанғожин Грекия Парламентінің Ұлттық қорғаныс және сыртқы істер жөніндегі Тұрақты комитетінің төрайымы, сондай-ақ Еуропа Кеңесінің Парламенттік Ассамблеясындағы Грекия делегациясының басшысы Дора Бакоянниспен кездесу өткізді, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Сұхбат барысында тараптар парламентаралық ынтымақтастықты дамыту, ЕКПА және ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясы шеңберіндегі өзара іс-қимылды, сондай-ақ сауда-экономикалық және гуманитарлық байланыстарды нығайту мәселелерін талқылады. Бұл ретте 2025 жылғы маусымда "Қазақстан-Грекия" парламенттік достық тобы делегациясының Астанаға жасаған сапарының қорытындыларына да назар аударылды.
Қазақстан Елшісі елде жүргізіліп жатқан ауқымды конституциялық реформалар туралы ақпарат берді. Аталған реформалар мемлекеттік басқарудың неғұрлым тиімді әрі ашық жүйесін қалыптастыруға бағытталған. Олардың қатарында бір палаталы Парламентке көшу, Вице-президент институтын енгізу, сондай-ақ заң үстемдігін дәйекті түрде нығайту және азаматтардың іргелі құқықтарын қорғауды күшейту бар екені аталып өтті. Сонымен бірге Қазақстанның өзара сенім мен түсіністікті арттырудың, сондай-ақ шетелдік серіктестермен сындарлы диалогты ілгерілетудің маңызды құралы ретінде парламенттік дипломатияны дамытуға айрықша мән беретіні айтылды.
Өз кезегінде Д. Бакояннис Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан өзгерістермен қызығушылықпен танысты және парламенттік қызмет пен институционалдық реформалар мәселелері бойынша тәжірибе алмасуды жалғастыруға мүдделілік білдірді. Сондай-ақ парламенттік құрылымдардың заң үстемдігі, демократия және адам құқықтарын қорғау қағидаттарын еуразиялық және еуропалық кеңістіктерде нығайтудағы маңызды рөлін атап өтті.
Бұдан бөлек, сұхбаттастар сауда мен инвестиция, көлік және логистика, энергетика, "жасыл" технологиялар, туризм және цифрландыруды қоса алғанда, басым бағыттар бойынша ынтымақтастықты кеңейтудің елеулі әлеуетін атап өтті. Сонымен қатар Қазақстандағы грек диаспорасының екі халық арасындағы "тірі достық көпірі" ретіндегі рөлі жеке талқыланып, оның елдің қоғамдық, мәдени және білім беру өміріне қосып отырған үлесі жоғары бағаланды.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар ЕКПА мен ЕҚЫҰ ПА алаңдарын қоса алғанда, халықаралық парламенттік платформаларда іс-қимылды үйлестіруді жалғастыруға, сондай-ақ Қазақстан мен Грекия арасындағы саяси және гуманитарлық диалогты дамытуға бағытталған өзара сапарлар мен тақырыптық іс-шараларды ұйымдастыруға жәрдемдесуге ниетті екендерін растады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
09.02.2026, 16:24Қазақстанның конституциялық реформалары Румыния Парламентінде талқыланды 09.02.2026, 17:27 17061Кувейтте Қазақстанның цифрлық жетістіктері таныстырылды09.02.2026, 18:03 4291Қазақстан мен Иордания индустриялық аймақтар мен инвестициялар саласындағы байланыстарды нығайтуда09.02.2026, 19:06 4071Қазақстанның инфрақұрылымдық жобалары Кувейт араб экономикалық даму қорының назарында09.02.2026, 20:09 3836Брюссельде Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдығына арналған поэтикалық іс-шара өтті
04.02.2026, 17:15 190286Қазақстан мен Сербия құқықтық ынтымақтастықты нығайтуда04.02.2026, 19:21 190221Ташкентте Ауғанстанмен ынтымақтастық мәселелері талқыланды04.02.2026, 18:18 190176Словенияның фармацевтика көшбасшылары Қазақстанмен стратегиялық серіктестікті нығайтуда04.02.2026, 21:28 189031Саарбрюккен қаласында Қазақстанның Құрметті консулдығы ашылды04.02.2026, 17:33 188946Мемлекет басшысы Пәкістан Премьер-министрі Шахбаз Шарифпен келіссөз жүргізді
14.01.2026, 19:10 230571Алматы мектептері жаңа платформада қалады: сот Kundelik-тің өтінішін қанағаттандырмады14.01.2026, 18:06 226441Kundelik төңірегіндегі дау: Алматы мектептері жаңа платформада жұмысын жалғастырып жатыр21.01.2026, 10:52 217041Қазақстанда заңды және жеке тұлғалар үшін мемлекеттік рәміздерді қолдану тәртібі егжей-тегжейлі регламенттеледі21.01.2026, 11:19 216956Қазақстанда бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы заңнама жетілдірілуде21.01.2026, 09:49 2156162025 жылы қазақстандықтарға 806 млрд теңгеден астам сомада бала тууына және бала күтіміне байланысты жәрдемақылар төленді

