06.02.2026, 12:31 1601

Қазақстан мен Чехия конституциялық реформалар мен екіжақты ынтымақтастықты талқылады

Қазақстан мен Чехия конституциялық реформалар мен екіжақты ынтымақтастықты талқылады
Сурет: gov.kz
Қазақстанның Чехиядағы Елшісі Қайрат Әбдірахманов Чехия Сыртқы істер министрінің орынбасары Мария Шатардованы Конституциялық комиссияның қызметі, Қазақстан Конституциясының жаңа редакциясы жобасын бүкілхалықтық талқылау барысы, сондай-ақ екіжақты іс-қимыл жөніндегі нақты ұсыныстар туралы хабардар етті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.

Кездесу барысында тараптар екі ел арасындағы түрлі деңгейде қалыптасқан тұрақты әрі сындарлы саяси диалог қанағаттанушылықпен атап өтті. Сонымен қатар, екі мемлекетті қоса алғанда Орталық Азия мен Орталық Еуропаның іскер топтарының зор әлеуетін ескере отырып, сауда-экономикалық әріптестікті жаңа белеске көтеруге үкіметтердің өзара мүдделі екеніне назар аударылды. Бұл ретте өңірлердің көлік-транзиттік өзара байланысы саласындағы ашылып жатқан жаңа перспективалар мен Еуропалық Одақпен ынтымақтастық аясындағы өзге де бастамалар атап өтілді.

Кездесу қорытындысы бойынша алдағы сапарлар кестесі пысықталып, Қазақстан мен Чехия арасындағы саяси қатынастарды дамытуға, экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты кеңейтуге және тереңдетуге екі жақтың дайындығы расталды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны