15.06.2026, 20:51 416

Қазақстан мен Канаданың СІМ басшылары серіктестікті нығайту бағытын растады

Қазақстан мен Канаданың СІМ басшылары серіктестікті нығайту бағытын растады
Канадалық тараптың бастамасымен Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Канаданың Сыртқы істер министрі Анита Анандпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі хабарлады.

Е.Көшербаев осы мүмкіндікті пайдалана отырып, сұхбаттасын алдағы Канада күнімен құттықтады. Ол екіжақты саяси және экономикалық ынтымақтастықтың жоғары деңгейін, тауар айналымының оң серпінін, сондай-ақ канадалық компаниялардың қатысуымен бірқатар ірі инвестициялық жобалардың іске асырылып жатқанын атап өтті.

Өз кезегінде А.Ананд канадалық тараптың сауда-экономикалық, энергетикалық, инвестициялық, инновациялық және білім беру салаларындағы ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделі екенін атап өтті, сондай-ақ жоғары деңгейдегі тұрақты саяси диалогты және өзара сапарларды қолдауға дайын екенін жеткізді.

Министрлер халықаралық күн тәртібінің негізгі мәселелері және көпжақты форматтардағы өзара іс-қимылдың өзекті қырлары бойынша да "сағаттарды теңестірді".
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны