19.06.2026, 20:54 2976

Қазақстан шетелдік серіктестіктермен экономикалық байланыстарды арттыруда

Қазақстан шетелдік серіктестіктермен экономикалық байланыстарды арттыруда
Сурет: ҚР СІМ
Қазақстан Бельгия, Ұлыбритания, Өзбекстан және Грекия өкілдерімен сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты дамытудың перспективаларын талқылады. Тараптар энергетика, көлік, логистика, агроөнеркәсіптік кешен, цифрлық технологиялар және басқа да басым бағыттар бойынша бірлескен жобаларды іске асыру мүмкіндіктерін қарастырды, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметінен.

Қазақстанның Бельгиядағы елшісі Роман Василенко Борис Дильесмен кездесіп, сауда-экономикалық, инвестициялық, цифрлық және мәдени ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Тараптар бірлескен жобаларды жүзеге асыруға мүдделі екенін растады.

Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Қуантыров Ташкент халықаралық инвестициялық форумы аясында Ұлыбритания мен Өзбекстан өкілдерімен кездесулер өткізді. Кездесулер барысында сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты дамыту, энергетика, көлік, логистика және агроөнеркәсіп салаларындағы өзара іс-қимылды кеңейту мәселелері талқыланды.

Сонымен қатар Әлібек Қуантыров Грекияның Қазақстандағы елшісі Антония Кацурумен кездесті. Дипломаттар энергетика, көлік, агроөнеркәсіптік кешен, туризм және цифрлық технологиялар салаларындағы ынтымақтастықты кеңейтуге қызығушылық білдірді. Өткен жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан мен Грекия арасындағы тауар айналымы 2,4 млрд АҚШ долларын құрады.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны