06.03.2026, 23:32 2106

Қазақстан Сыртқы істер министрі Православ шіркеуінің басшысын қабылдады

Қазақстан Сыртқы істер министрі Православ шіркеуінің басшысын қабылдады
Сурет: gov.kz
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Қазақстан Православ шіркеуінің басшысы, Астана және Қазақстан митрополиті Александрды қабылдады, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.

Кездесу барысында конфессияаралық бейбітшілікті нығайту, қоғамдық келісімді сақтау және рухани-адамгершілік құндылықтарды дәріптеу мәселелері талқыланды. Қазақстандағы Православ шіркеуінің қоғамдағы өзара құрмет, төзімділік және тұрақтылық ахуалын қолдауға қосып отырған үлесі аталып өтті.

Тараптар конфессияаралық диалогты ілгерілету, сондай-ақ елдегі бейбітшілік пен келісімді нығайту мақсатында мемлекеттік органдар мен діни бірлестіктер арасындағы өзара іс-қимылды одан әрі дамыту маңызды екенін растады.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны