03.03.2026, 19:16 58746
Норвегия Елшісі сенім грамоталарының көшірмелерін тапсырды
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исетов Норвегия Корольдігінің жаңадан тағайындалған Елшісі Хелене Санд Андресеннен сенім грамоталарының көшірмелерін қабылдады, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Сұхбат барысында тараптар қазақ-норвег саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтығы мәселелерін талқылады.
Министрдің орынбасары Қазақстан Норвегиямен қарым-қатынасты жан-жақты нығайтып, өзара тиімді сауда-инвестициялық серіктестікті кеңейтуге мүдделі екенін атап өтті.
Осыған байланысты, Қазақ-норвег іскерлік кеңесінің екіжақты ынтымақтастықты нығайтып, жаңа салаларды айқындаудағы маңызды рөлі аталып өтті.
Кездесу соңында Министрдің орынбасары Норвегия Елшісіне Қазақстандағы миссиясына табыс тіледі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
04.03.2026, 20:25 2101
Таяу Шығыс елдерінен Қазақстан азаматтарын елге қайтару жұмыстары жалғасып келеді
Достарға айту
Бүгін Қазақстан азаматтарын елге қайтару жұмыстары аясында Air Astana әуе компаниясының екі рейсі жоспарланған, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Жидда - Ақтау - Алматы бағыты бойынша A320 әуе кемесі (148 орын) және Жидда - Атырау - Алматы бағыты бойынша A321 әуе кемесі (184 орын) ұшып шығады.
Сондай-ақ Fly Dubai әуе компаниясының Дубай - Алматы бойынша екі рейсі, Дубай-Астана бағыттары бойынша рейстері жоспарланған (506 жолаушы).
Қазақстан азаматтарын елге тасымалдауды қамтамасыз ету жұмыстары уәкілетті мемлекеттік органдармен үйлестіре отырып жалғасып келеді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
04.03.2026, 19:41 2401
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Ерлан Жетібаевтың брифингі
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Құрметті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері!
Бүгінгі брифинг Таяу Шығыс елдерінен Қазақстан азаматтарын эвакуациялау мәселелеріне арналған, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Біз отандастарымыздың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін бар күш-жігерімізді салудамыз және кез келген жағдайда жан-жақты қолдау көрсетудеміз. Қазіргі уақытқа дейін Қазақстан Республикасы азаматтарының арасында зардап шеккендер немесе қаза болғандар туралы ақпарат түскен жоқ.
Қазақстандық дипломаттар Орталық аппаратта да, өңір елдерінде де тәулік бойы жұмыс істеуде. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша отандастарға қажетті көмекті ұйымдастыру жөніндегі барлық жұмысты жедел үйлестіретін арнайы штаб құрылды.
Азаматтардан эвакуациялау үдерісін ұйымдастырудың күрделілігіне түсіністікпен қарап, Қазақстанның шетелдегі мекемелерінің қызметкерлеріне барынша қолдау көрсетуді сұраймыз.
Эвакуация жұмыстары кезінде зейнеткерлерге, ата-анасымен бірге жүрген балаларға, жүкті әйелдерге, кәмелетке толмағандарға және денсаулығында шектеулері бар адамдарға басымдық беріледі.
Бүгінгі таңда Иранда - 47, Израильде - 163, Қатарда - 3000-нан астам, Біріккен Араб Әмірліктерінде - 4000-нан астам, Сауд Арабиясы Корольдігінде шамамен 1800 Қазақстан азаматы бар.
Аталған елдердегі азаматтармен тұрақты түрде байланыс бар жағдайдың дамуына қарай қажетті ұсынымдар берілуде.
Министрлік уәкілетті органдармен бірлесе азаматтарымыз үшін эвакуациялық рейстерді пысықтады.
Бүгінгі күнге дейін шиеленіс аймақтарынан 946 азаматымыз шығарылды.
Жақын арада Маскат қаласынан Алматыға 314 азамат бар рейс келеді. Кейін дәл осы бағыт бойынша шамамен 230 қазақстандықты қамтитын екінші топтың ұшуы жоспарланған.
Осылайша, Оманнан елге 500-ден астам Қазақстан азаматы оралады деп күтілуде.
Сонымен қатар бүгін Джидда - Атырау және Джидда - Ақтау бағыттары бойынша эвакуациялық рейстер жоспарланған, олармен 326 азамат елге қайтарылады.
Әуе рейстерінен бөлек, қазақстандықтарды шығару жерүсті жолдары арқылы да жүзеге асырылуда. Атап айтқанда, Тегеран, Ашхабад және Горган қалаларындағы шетелдік мекемелер 15 азаматтың Иран-Түрікменстан шекарасы арқылы өтуін қамтамасыз етті. Одан әрі оларға Ақтауға жету үшін қажетті көмек көрсетілді.
Сонымен бірге Тегеран мен Еревандағы дипломаттар "Заркух" компаниясының қалған 35 қызметкерінің Ираннан шығуын ұйымдастырды. Олар автобуспен Иран-Армения шекарасын кесіп өтті.
Әуе кеңістігіне қойылған елеулі шектеулерге байланысты белсенді әскери іс-қимылдар тоқтап, жағдай толық қалыпқа келгенге дейін Таяу Шығыс өңір елдеріне сапарлардан бас тартуға қатаң түрде кеңес береміз.
Өңірде жүрген Қазақстан азаматтарын жеке қауіпсіздік шараларын күшейтуге, қауіпті аудандарға бармауға, жергілікті билік органдарының нұсқаулары мен ұсынымдарын орындауға, сондай-ақ Қазақстанның елшіліктері мен консулдықтарымен, туроператорлармен және әуе тасымалдаушыларымен байланыста болуға тағы да шақырамыз.
Қазақстан Сыртқы істер министрлігімен тиісті елдердегі шетелдік мекемелердің ресми хабарламаларын қадағалап отырыңыздар.
Азаматтарымыздың қауіпсіз түрде елге оралу мәселесі мемлекет үшін басымдық болып қала береді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
04.03.2026, 16:45 2651
Қазақстан СІМ-де бірқатар мемлекеттердің елшілерінен сенім грамоталарының көшірмелерін қабылданды
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Қуантыров Қазақстан Республикасындағы Мали Республикасының Елшісі Сейду Камиссоко, Гана Республикасының Елшісі Кома Стим Джеху Аппьях, Гамбия Республикасының Елшісі Алкали Фанка Конте, Шри-Ланка Демократиялық Социалистік Республикасының Елшісі қызметін қоса атқарушы Шобини Гунасекераның және Бангладеш Халық Республикасының Елшісі Мохаммад Назрул Исламның грамоталарының көшірмелерін қабылдады, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Сұхбат барысында тараптар саяси, сауда-экономикалық және инвестициялық салалардағы ынтымақтастықты жандандыру мәселелері жөнінде пікір алмасты.
Қазақстан аталған мемлекеттермен Біріккен Ұлттар Ұйымы, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі және басқа да халықаралық ұйымдар мен алаңдар аясында белсенді өзара іс-қимыл жасап келеді. Бұл байланыстар өзара мүдделерге негізделген орнықты қарым-қатынастарды қалыптастыруға ықпал етуде.
Осы тұрғыда екіжақты және көпжақты форматтарда ауыл шаруашылығы, жеңіл өнеркәсіп, білім беру және медицина салаларындағы ынтымақтастық өзара қызығушылық тудырады. Сауданы әртараптандыру, көлік-логистикалық байланыстылықты дамыту, сондай-ақ энергетика, азық-түлік қауіпсіздігі және цифрландыру бағыттарындағы ықпалдастықты кеңейту шаралары талқыланды.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар саяси диалогты одан әрі дамыту, сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейту және көпжақты форматтағы өзара іс-қимылды нығайту жөніндегі жұмысты жалғастыруға уағдаласты.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
04.03.2026, 15:34 2881
Астанада ЕҚЫҰ-ның Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросының өкілдерімен референдумды байқау мәселелері бойынша кездесу өтті
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исетов Астанаға 2026 жылғы 15 наурызда өтетін республикалық референдумды дайындау және өткізу процесін байқау мақсатында Дуглас Уэйктің жетекшілігімен келген ЕҚЫҰ Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросы (ДИАҚБ) делегациясымен кездесу өткізді, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Тараптар Қазақстан мен ЕҚЫҰ ДИАҚБ арасындағы ынтымақтастықты талқылаумен қатар, электоралдық процестің ашықтығы мен айқындығын қамтамасыз ету мақсатында референдумға халықаралық байқаушылардың қатысуы маңыздылығын растады. Сындарлы диалог пен ынтымақтастық халықтың өз еркін білдіру рәсімдеріне деген сенімділіктің нығаюына ықпал ететіні аталып өтті.
Кездесу барысында Байқау миссиясының мандатына ерекше назар аударылды. Электоралдық процеске объективті баға берудің ерекше маңыздылығы аталып өтті, сондай-ақ халықаралық міндеттемелер мен ұлттық заңнама шеңберінде одан әрі өзара іс-қимылға дайындық расталды.
Кездесу қорытындысы бойынша тұрақты жұмыс байланыстарын қолдауға және Миссияның қызметін қамтамасыз ету үшін қажетті қолдау көрсетуге өзара мүдделілік білдірді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
04.03.2026, 14:31 3126
Қазақ мәдениеті Үндістанда халықаралық фестивальде таныстырылды
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстанның шығармашылық ұжымдары мен дәстүрлі қолөнер шеберлері Үндістанда "39-шы Сураджкунд халықаралық қолөнер фестиваліне" қатысты, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Фестивальдің концерттік бағдарламасы аясында Жамбыл облыстық Кенен Әзірбаев атындағы филармонияның әртістері ұлттық дәстүрге негізделген ән мен би өнерін ұсынды.
Сонымен қатар қазақ шеберлері дәстүрлі сәндік-қолданбалы өнер туындыларын таныстырған қазақстандық экспозиция ұйымдастырылды. Көрме қонақтары ұлттық нақыштағы бұйымдармен танысып, дәстүрлі өнердің ерекшеліктерін тамашалау мүмкіндігіне ие болды.
Фестивальге келушілер қазақ халқының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарымен жақынырақ танысып, ұлттық мәдениеттің мазмұны мен мәнін тереңірек сезінді.
Аталған мәдени іс-шара халықаралық мәдени байланыстарды дамытуға және шығармашылық өзара іс-қимылды кеңейтуге ықпал етті.
Халықаралық қолөнер фестивалі - әлем елдерінің мәдениетін, дәстүрлі қолөнері мен өнерін таныстыру мақсатында жыл сайын ұйымдастырылатын ауқымды іс-шара. Жәрмеңкеге бір миллионнан астам келуші қатысып, ерекше қолөнер бұйымдарымен, халық билерімен және түрлі мәдени бағдарламалармен танысады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
04.03.2026, 10:54 40456
Босния және Герцеговина Елшісі сенім грамотасының көшірмесін табыстады
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исетов Босния және Герцеговинаның Қазақстанға жаңадан тағайындалған Елшісі қызметін қоса атқарушысы Иван Орличтен сенім грамотасының көшірмесін қабылдады, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
А.Исетов Босния және Герцоговина дипломатын тағайындалуымен құттықтап, оның қызметі екі ел арасындағы достық қарым-қатынастарды дамытуға ықпал ететініне сенім білдірді.
Кездесу барысында тараптар саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен даму келешегін талқылады.
Елші И.Орлич жылы қабылдау үшін алғысын білдіріп, Астана мен Сараево арасындағы қарым-қатынастарды дамыту үшін күш-жігерін жұмсауға әзірлігін растады.
Тараптар өзара қызығушылық тудыратын барлық салалар бойынша байланыстарды жалғастыруға келісті.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
04.03.2026, 02:33 59896
Қазақстан СІМ-де Аргентина Елшісінің сенім грамоталарының көшірмелерін қабылдады
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ержан Ашықбаев Аргентина Елшісі Игнасио Феррер Виейраны қабылдады, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Кездесу барысында Елші сенім грамоталарының көшірмелерін табыс етті.
Тараптар Астана мен Буэнос-Айрес арасындағы екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен даму перспективаларын талқылады. Сауда-экономикалық, инвестициялық, агроөнеркәсіп, көлік-логистика, мәдени-гуманитарлық және білім беру салаларындағы өзара іс-қимылды кеңейтуге ерекше назар аударылды.
Сондай-ақ халықаралық ұйымдар аясындағы өзара қолдау мен көпжақты ынтымақтастық мәселелері қарастырылды.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар Қазақстан-Аргентина серіктестігін одан әрі нығайтуға өзара мүдделілігін растады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
03.03.2026, 23:27 60406
Скопьеде Қазақстанның саяси реформалары таныстырылды
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстанның Солтүстік Македониядағы Елшісі Сатыбалды Бұршақов Скопьедегі жетекші Әулие Кирилл мен Мефодий университеті (UKIM) басшылығының шақыруымен студенттер мен ғалымдар және бірнеше Еуропа елдерінің академиктерінің қатысуымен өткен халықаралық ғылыми-практикалық конференциясында "Қазақстан: жаңғырту мен реформалаудың жаңа кезеңі" атты арнайы сессияда құрметті қонақ ретінде сөз сөйледі, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Аталмыш іс-шара Солтүстік Македониядағы БҰҰ кеңсесінің қолдауымен ұйымдастырылған "Жастар таланттарын дамытуды ілгерілету" атты 8-ші халықаралық апталық 2026 аясында өтті.
Елші Қазақстанның саяси және әлеуметтік-экономикалық дамуы, сыртқы саясаттағы басымдықтары, цифрландырудың қарқынды процесі және Қазақстан мен Солтүстік Македония ынтымақтастығы туралы баяндады.
Қазақ дипломаты алдағы 15 наурызда жаңа Конституцияның жобасын қабылдау бойынша жалпыұлттық референдумға ұласқан Президент Тоқаевтың бастамасымен жүргізіліп жатқан саяси реформалардың жүзеге асырылуы туралы егжей-тегжейлі ақпарат берді.
Конференцияға қатысушыларға вице-президент институтын енгізу, үкіметке парламенттік бақылауды күшейту және конституциялық түрде бекітілген құқықтар мен бостандықтардың кепілдіктері сияқты негізгі жаңа өзгерістер жөнінде айтылды.
Қазақстандағы отбасы мәселесіне ерекше назар аударылды. С.Бұршақов бұл саладағы мемлекеттік саясат дәстүрлі құндылықтарды заманауи әлеуметтік қолдау шараларымен біріктіруге бағытталғанын атап өтті. Жаңа Конституция жобасында некенің еркек пен әйел арасындағы ерікті одақ ретінде бекітілгені дәстүрлі құндылықтарды қорғау және әйелдер құқықтарын заң тұрғысынан қорғауды күшейту шара ретінде тұжырымдалған ереже екені атап өтілді.
Тыңдаушыларды көптеген елдермен салыстырғанда туу деңгейінің өте жоғары болуына байланысты Қазақстанның динамикалық демографиялық көрсеткіштері, сондай-ақ балалар мен жастарды қолдау бағдарламалары ерекше қызықтырды.
Еліміздегі университеттік білім беруді дамыту перспективалары және македониялық білім беру мекемелері үшін ынтымақтастық мүмкіндіктері таныстырылды. Елші С.Бұршақов "Болашақ" бағдарламасының және Қазақстандағы жетекші әлемдік университеттердің филиалдарының оң тәжірибесін атап өтті.
Университет аудиториясына сондай-ақ Қазақстан, оның дәстүрлері және халқы туралы бейнероликтер мен фотослайдтар көрсетілді. Баяндамадан кейін С.Бұршақов конференцияға қатысушылардың көптеген сұрақтарына жауап берді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
26.02.2026, 22:48Қазақстан Сыртқы істер министрі "Орталық Азия - Ұлыбритания" форматындағы сыртқы саяси ведомстволар басшыларының кездесуіне қатысты 26.02.2026, 17:47 227991Загребте жаңа Конституция жобасы таныстырылды26.02.2026, 18:49 227986Қазақстан БҰҰ Туризм ұйымымен бірге өңірлік туристік хаб ретіндегі рөлін нығайтуда26.02.2026, 23:04 227986Қазақстан мен Ұлыбритания стратегиялық серіктестікті тереңдету бағытын растады26.02.2026, 23:25 227981Қазақстан мен Ұлыбритания басым салаларда экономикалық серіктестікті тереңдетуде
26.02.2026, 22:48 228101Қазақстан Сыртқы істер министрі "Орталық Азия - Ұлыбритания" форматындағы сыртқы саяси ведомстволар басшыларының кездесуіне қатысты26.02.2026, 17:47 227991Загребте жаңа Конституция жобасы таныстырылды26.02.2026, 18:49 227986Қазақстан БҰҰ Туризм ұйымымен бірге өңірлік туристік хаб ретіндегі рөлін нығайтуда26.02.2026, 23:04 227986Қазақстан мен Ұлыбритания стратегиялық серіктестікті тереңдету бағытын растады26.02.2026, 23:25 227981Қазақстан мен Ұлыбритания басым салаларда экономикалық серіктестікті тереңдетуде

