19.02.2026, 16:10 4811

Венада Қазақстандағы конституциялық реформалар талқыланды

Венада Қазақстандағы конституциялық реформалар талқыланды
Сурет: gov.kz
Қазақстанның Венадағы халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілі Мұхтар Тілеуберді Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымының Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросы директоры Мария Телалианмен кездесу өткізді, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.

Елші алдағы ү.ж. 15 наурызында өтетін Қазақстанның жаңа Конституциясын қабылдау мәселесі бойынша республикалық референдумды байқауға қатысуға дайын болғаны үшін ДИАҚБ-ға алғысын білдірді. Ол жаңа Конституция жобасының негізгі ережелері туралы ақпарат беріп, ұсынылып отырған конституциялық реформа Қазақстандағы мемлекеттік басқару моделін кешенді жаңғырту болып табылатынын және Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жүргізіп отырған жүйелі саяси реформалардың логикалық жалғасы екенін атап өтті.

М.Тілеуберді Конституция жобасын әзірлеу жұмыстары Конституциялық комиссия тарапынан толықтай ашық форматта, азаматтық қоғамның, саяси партиялардың, қоғамдық ұйымдардың және сарапшылар қауымдастығының кең қатысуымен жүргізілгенін атап өтті.

М.Телалиан қазақстандық тарапқа ашықтық танытқаны және конструктивті диалогқа дайын болғаны үшін алғыс айтты. Сондай-ақ ол ү.ж. Астанаға алғашқы сапарын жүзеге асыру ниетін растады.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны