27.05.2023, 12:02 15131

Атырау-Алматы жолаушылар пойызында қыз бала дүниеге келді

Қазалы станциясында сәбиді анасымен бірге жедел жәрдем қызметкерлері қарсы алды
25 мамырда №29/30 жолаушылар пойызы бригадасының қызметкерлері Атырау-Алматы бағытындағы жолаушыға босану кезінде көмек көрсетті, деп хабарлайды Inform.kz.

Қазақстан Теміржолы" компаниясының мәліметінше, Атыраудан Шымкентке қарай келе жатқан жас ананы жолда толғақ қысқан. Осы кезде жолсеріктер Жанар Тасмағамбетова, Айғаным Сұлтанмұратова және Ғалия Қайырденова пойыз вагонында жүкті әйелдің аман-есен босануына барлық жағдайды жасады.


Сағат 21:52 минутта сәби дүниеге келді. Нұсқауға сәйкес жолсеріктер күтпеген жағдай орын алғанда пойыз машинистіне хабар беріп, жақын маңдағы станцияға жедел жәрдем шақырды.


Пойыз Қазалы станциясына келіп тоқтағанда сәбиді анасымен бірге жедел жәрдем қызметкерлері қарсы алды", - деп жазды ұлттық компаниядан.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны