19.01.2022, 16:15 31091

ҚР 19 қаңтарға арналған эпидемиологиялық жағдай: бір тәулік ішінде 13,8 мың жаңа COVID-19 жағдайы анықталды

ҚР 19 қаңтарға арналған эпидемиологиялық жағдай: бір тәулік ішінде 13,8 мың жаңа COVID-19 жағдайы анықталды
НҰР-СҰЛТАН. 19 ҚАҢТАР - 2022 жылғы 18 қаңтар 23.59-дағы эпидемиологиялық жағдай бойынша Қазақстанда коронавирустық инфекцияның 1 085 004 жағдайы расталды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY. 
 
Қазақстанда өткен тәулікте 13 874 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды. Аймақтар бойынша:
 
Нұр-Сұлтанда - 4 874, 
 
Алматыда - 1 580,
 
Шымкентте - 450, 
 
Ақмола облысында - 420, 
 
Ақтөбе облысында - 366, 
 
Алматы облысында - 329, 
 
Атырау облысында - 584, 
 
ШҚО-да - 394, 
 
Жамбыл облысында - 233, 
 
БҚО-да - 440, 
 
Қарағанды облысында - 2 669, 
 
Қостанай облысында - 291, 
 
Қызылорда облысында - 236, 
 
Маңғыстау облысында - 233, 
 
Павлодар облысында - 515, 
 
СҚО-да - 143, 
 
Түркістан облысында - 117.
 
Қазақстанда бір тәулік ішінде 2 715 адам коронавирустық инфекциядан сауығып кетті. Жалпы, елде CОVID-19-дан 976 352 адам жазылып кетті, деп хабарлайды CОVID-19 таратпау жөніндегі ВАК. 
 
19 қаңтарға КВИ-ден 97 145 адам (95 555 КВИ+ және 1 590 КВИ -) ем алуды жалғастыруда, оның ішінде: 
 
- стационарларда - 7 795 пациент бар; 
 
- амбулаториялық деңгейде - 89 350 пациент. 
 
КВИ+ және КВИ- науқастарының ішінде: 
 
- ауыр халде – 305 пациент, 
 
- аса ауыр халде – 80 пациент, 
 
- ӨЖЖ аппаратында – 52 пациент бар.
 
Денсаулық сақтау министрлігінің деректері бойынша, 2020 жылғы 13 наурыздан бастап 2022 жылғы 18 қаңтарға дейін ҚР-да КВИ-ден 13 097 өлім жағдайы тіркелген. 17 қаңтарда КВИ-ден 10 адам қайтыс болды. 
 
2022 жылдың 17 қаңтарында коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 187 жағдайы тіркелді, 2 адам қайтыс болды, 206 адам сауығып кетті. 
 
2020 жылғы 13 наурыздан бастап барлығы: ауру - 84 928, өлім - 5 241, сауыққандар - 78 097. 
 
Қазақстанда 2022 жылғы 18 қаңтарда I компонентпен 9 082 930 адам вакцинацияланды, II компонентпен 8 643 043 адам вакцинацияланды. 
 
2022 жылдың 18 қаңтарына Pfizer вакцинасымен егілді: бірінші компонентпен - 482 873 адам, екінші компонентпен - 250 158. 
 
"Қызыл" аймақта: Нұр-Сұлтан қ., Алматы қ., Шымкент қ., Атырау, Алматы, Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Маңғыстау, Қарағанды, Қызылорда, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары. 
 
"Сары" аймақта: Түркістан облысы. 
 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны