17.04.2023, 09:43 43426

Қазақстанда ауа райының қолайсыздығына байланысты қандай тасжолдар жабылды

Қазақстанда ауа райының қолайсыздығына байланысты қандай тасжолдар жабылды
Сурет: Telegram/qazavtojol
Қар тазалау жұмыстары тәулік бойы күшейтілген режимде жүргізілуде

Астана. 17 ақпан. KAZAKHSTAN TODAY - Қазақстанда ауа райының қолайсыздығына байланысты қандай тасжолдар жабылғанын "ҚазАвтоЖол "ҰК" АҚ хабарлады.

Қар тазалау жұмыстары тәулік бойы күшейтілген режимде жүргізілуде. Күн күрт суып кеткен күннен бастап жолшылар шамамен 2 мың м3 көктайғаққа қарсы материал пайдаланды. Дәл қазіргі сәтте ауа-райының қолайсыздығына байланысты республикалық трассалардың 15 учаскесінде жол қозғалысына шектеу енгізілді", - деп хабарлады компанияда.


Республикалық желіде 500 бірлік арнайы техника күтіп-ұстау жұмыстарын атқаруда.

Өткен тәулікте жолшы мамандар қар құрсауынан 65 көлікті шығарды.

Бұған дейін СҚО-да су тасқыны салдарынан халықаралық маңызы бар автожол жабылғаны хабарланған болатын.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны