21.05.2023, 21:50 21486

Атыраулық полицейлер көпірден секірген жасөспірімді құтқарды

Полиция қызметкерлері өзен бетін қараңғыдан дұрыс көрмегесін секірген ер адамды іздеу қиындық туғызғанын айтады
20 мамыр күні сағат 22:30 шамасында Жайық өзенін патрульдеу кезінде орталық көпірден белгісіз ер адамның секіріп кеткені жөнінде хабарлама алған полицейлер дереу оқиға орнына жеткен, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция подполковнигі Абу Нұрлан, полиция капитаны Ришат Беркалиев, көлік инспекциясының қызметкері Батырбек Жиреншин мен полиция аға лейтенанты Батырбек Камалов, полиция лейтенанты Зауырбек Шайхатов өзен бетін қараңғыдан дұрыс көрмегесін секірген ер адамды іздеу қиындық туғызғанын айтады.

Кейін қызметкерлер суға секірген ер адамның бағытына суға секіріп жүзіп барып қайыққа мінгізіп құтқарған. Қазіргі таңда көпірден секірген ер адамның 2006 ж.т., жасөспірім екендігі белгілі болды. Оның бұл әрекетіне қатысты жедел-тергеу тобы тексеру жұмыстарын бастап кетті.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны