05.04.2023, 10:07 48136

Алматы қаласы мен Түркістан облысында жалпы сомасы 24 млрд теңгеге мемлекеттік сатып алу тоқтатылды

Тапсырыс берушілер конкурс қорытындысына заңсыз ықпал етуге тырысты
Алматы. 5 сәуір. KAZAKHSTAN TODAY - Алматы қаласында 2023 жылдың басынан бастап прокурорлардың актілері бойынша 17 млрд теңгеден астам сомаға 46 конкурс жойылды, 10 адам тәртіптік жауапкершілікке тартылды, 9 мемлекеттік ұйымның басшыларына 5 млн теңгеге айыппұл салынып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Алматы қаласының прокуратурасы.
 
Ведомствода айтылғандай, тапсырыс берушілер әлеуетті өнім берушілерге жоғары біліктілік талаптарын қойған, конкурстық құжаттаманы толық ұсынуды қамтамасыз етпеген, сатып алу тәсілін дұрыс таңдамаған.
 

Осы жылдан бастап, мемлекеттік сатып алуды өткізудің ашықтығы, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау мақсатында сатып алу тәсілдерінің бірі рейтингтік- балдық жүйе (РБЖ) қолданылады. Ол конкурсқа әсер ететін ұсыныстарды, критерийлерді автоматты түрде салыстырады және жеңімпазды комиссияның қатысуынсыз анықтайды, яғни адами факторсыз, өтінімдерді ұсыну мерзімі аяқталғаннан кейін мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттама қалыптастырады. Сонымен қатар, Алматы қаласы прокуратурасы мониторинг арқылы тапсырыс берушілердің бірі автожолдар салу кезінде электрмен жабдықтау желілері саласында лицензияланатын қызметтің бір түрінің міндетті түрде болуы туралы кәсіпкерлерге негізсіз талаптар қойғаны анықталды. Бұл конкурс қорытындыларына әсер ету ретінде қарастырылады", - деп түсіндірді қала прокуратурасы.

 
Прокуратураның қадағалау актісі бойынша конкурс тоқтатылды, мемлекеттік сатып алуға қатысуға әлеуетті өнім берушілердің тең шарттарын сақтай отырып, қайтадан өткізілді.
 
Сондай-ақ, Түркістан облысында мемлекеттік сатып алуға қатысатын жекелеген тапсырыс берушілердің қызметінде бұзушылықтар анықталды.
 
Мысалы, Ордабасы, Төлеби және Түлкібас аудандарының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімдері 2 млрд теңгеден астам сомаға мемлекеттік сатып алу шарттарын бәсекелестік емес тәсілмен заңсыз түзген (бір көзден заңсыз өткізген).
 

Прокурорлардың актілері бойынша 100-ден астам заң бұзушылық жойылды, 7 млрд. теңгеден астам заңсыз мемлекеттік сатып алудың күші жойылды (сатып алу тәсілдерін дұрыс қолданбаған, қатысушыларға артық талаптар қойған)", - деп хабарлады Түркістан облысының прокуратурасы.

 
Ал прокурорлардың шараларымен түрлі жауаптылыққа 50-ден астам лауазымды тұлға тартылып, мемлекеттік бюджетке 15 млн. теңгеден астам қаражат өндірілді, деп қорытындылады облыстық прокуратурада.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны