29.12.2021, 19:22 19201
Алматы балабақшасының балалары төрт жасар бүлдіршінді ұрғаннан кейін тәрбиешілер жұмыстан босатылды
Сурет: ulysmedia.kz
Достарға айту
ZHEST_KZ Telegram-арнасында жарияланған бейнежазбадан қара киім киген бүлдіршінді өзге балалардың жабылып сабап жүргенін көруге болады. Соққылардан жасқанған бала қайда қашарын білмей дал. Ары-бері жүгіріп, бір кезде жерге құлады. Балалардың бірі басынан, екіншісі ішінен тепкіге алды. Арасында қыздар да қосылып ұрып жүр. Ақырында таяқтан көз аша алмаған бүлдіршін қашып құтылғандай болады.
Әлеуметтік желіде жарияланған бейнежазбаны оқырмандарының бірі жіберген. Осынша бала жабылып бір баланы сабап жүргені көрсетілген видеода тәрбиеші немесе балабақшаның басқа қызметкері көрінбейді.
Қаладағы №58 мемлекеттік балабақша. Менің балам осында барады. Бірақ соңғы бір айда денсаулығына байланысты үйде болған еді. Мына балалардың бұзықтығына қарап жүрегің ауырады екен", - деп жазды видео авторы.
Желі қолданушылары бұл жағдайға өздерінің түрлі пікірлерін қалдырды. Бірі балабақшаны ғайбаттаса, енді өзгелері бүлдіршінге аяушылық танытқан.
Сонымен қатар, бүгін Алматы қаласының білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаменті қаладағы барлық балабақшалар білім беру стандарттарына сәйкестігі тұрғысынан тексерілетінін хабарлады. Тексеруге балаларды ұрып-соғу оқиғаларының көбеюі себеп болған. Осылайша, 27 желтоқсанда Алматыдағы балабақша тәрбиеленушілерімен болған қатыгез бейне әлеуметтік желілерге түсті.
Кейін белгілі болғандай, балаларды ұрып-соққан тәрбиешісі өз-өзіне қол жұмсады.
Ақпарат көзі: ulysmedia.kz
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
06.01.2026, 21:02 10356
Nestle өнімдері Қазақстан нарығынан кері қайтарылып жатыр
Сурет: Depositphotos
Достарға айту
Нестле Фуд Қазақстан" ЖШС Қазақстан аумағында сақтық шарасы ретінде балалар тағамының шектеулі партияларын ерікті түрде кері қайтарып жатыр, деп хабарлайды Inform.kz.
Компания мәліметінше, кері қайтарып алу құрғақ тез еритін сүт және қышқыл сүт қоспаларына, сондай-ақ аминқышқылдары негізіндегі емдік диеталық қоспаның белгілі бір партияларына қатысты. Бұл шешім сыртқы жеткізушіден алынған шикізатта цереулид токсинінің болуы мүмкін деген ықтимал қауіпке байланысты қабылданған.
Нестле Фуд Қазақстан" уәкілетті органды хабардар етіп, қажетті ақпаратты ұсынуға дайын екенін мәлімдеді. Өнімді қайтару және қаражатты өтеу тәртібі туралы мәлімет жақын арада жарияланады.
Компанияның хабарлауынша, кері қайтарып алу тек шектеулі партияларға ғана қатысты және Қазақстанда сатылатын балалар тағамының басқа өнімдеріне әсер етпейді.
Қосымша ақпарат алу үшін тұтынушылар тәулік бойы жұмыс істейтін қолдау қызметіне хабарласа алады: 8 800 080 55 44.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
05.01.2026, 21:51 16241
Министрлік интернеттегі ақауға байланысты пікір білдірді
Достарға айту
Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі жекелеген пайдаланушылар тарапынан интернеттің ұстамай қалуы бойынша қиындықтардың жүйелі сипатта болмағанын хабарлады.
Аталған кезеңде байланыс операторлары желілерінің жұмысында ақау тіркелген жоқ, телекоммуникациялық инфрақұрылым штаттық режимде жұмыс істеді.
Байланыс операторларының ақпараты бойынша, жекелеген пайдаланушылар интернет сапасының уақытша төмендеуіне тап болуы мүмкін.
Бұл бірқатар факторларға, соның ішінде келесі себептерге байланысты болуы ықтимал:
- базалық станцияларға түсетін жүктеменің артуы немесе біркелкі болмауы;
- радиоортаның ерекшеліктері мен құрылыс тығыздығы;
- желіні бір уақытта көп абоненттің пайдалануы;
- желінің тұрақтылығы мен сапасын арттыруға бағытталған жоспарлы жұмыстарды жүргізу.
Негізгі цифрлық мемлекеттік сервистер мен ақпараттық жүйелер жұмысы ақаусыз жалғасты. Жалпы ел бойынша интернет тұрақты жұмыс істеді.
Министрлік байланыс операторларымен бірлесіп, желілердің жұмысына бақылау жүргізеді. Қажет болған жағдайда операторлар шұғыл түрде техникалық шаралар қабылдайды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
05.01.2026, 12:31 15891
Евгений Мұхамеджанов: "Көлік аз болса, ауа таза болады"
Достарға айту
Эколог, ECO Network жобасының негізін қалаушы Евгений Мұхамеджанов тіпті ең заманауи автокөліктердің өзі ұсақ дисперсті шаңның көзі болып қала беретінін айтты. Бұл 10 микроннан кіші бөлшектер ауаға көтеріліп, тыныс алу жолдарына еніп, денсаулыққа зиян келтіреді, деп хабарлайды Алматы қаласының әкімдігінің баспасөз қызметінен.
Көлік аз болса, ауа таза болады", - деп сарапшы қала тұрғындарын мүмкіндігінше қоғамдық көлікке немесе велосипедке отыруға шақырды. Әсіресе, орталықта тұратындар көліктен мүлде бас тарта алады. Алматының климаты мүмкіндік беретіндіктен, күндіз орталықтағы жұмысты қоғамдық көлікпен немесе жаяу бітіруге болады. Алғашқы болып жауапкершілік пен экосананы ауқатты азаматтар мен бизнес өкілдері көрсетуге тиіс.
Лондонда жеке көлік қымбат әрі ыңғайсыз, Дубайда жүк көліктері тек түнде жүруге рұқсат алады, ал Бейжіңде қатаң шаралардың арқасында ластану деңгейі 55%-ға төмендеді. Бұл қалалардың барлығында сапалы қоғамдық көлік жүйесі құрылды", - деп ол нақты мысалдар келтірді.
Әсет Тазабеков: "ЖЭО мен жекеменшік моншалар - ластану деңгейіне айтарлықтай әсер етеді"
Ренессанс плюс" компаниясының директоры Әсет Тазабековтің айтуынша, Алматы көшелерінде күн сайын 1 миллионнан астам автокөлік жүреді, олардың бір бөлігі экологиялық талаптарға сай келмейді. Ластанудың едәуір үлесін жылу электр орталықтары, соның ішінде жылына шамамен 39 мың тонна шығарынды бөлетін 1-ЖЭО бар.
Егер газға көшсек, шығарындыларды жиырма есеге дейін азайтуға болады", - деді ол.
Сондай-ақ, сарапшы қатты отын пайдаланатын жекеменшік нысандардың әсерін айтты: қалада 13 мыңнан астам монша мен шамамен 500 кәуапхана бар.
Райдин Қасымов: "Басты басымдық - автопаркті жаңарту"
Қазақстанның экологиялық аудиторлар палатасы оқу орталығының директоры Райдин Қасымов Алматыда атмосфералық ауаны қорғауға арналған жаңа ережелерді енгізуді қолдайды.
Оның айтуынша, шыққанына 12 жылдан асқан автокөліктерде уыттылық деңгейі 84%-ға дейін артады, ал бір ғана ақаулы көлік ластаушы заттың түріне қарай 6-14 есе көп зиянды қалдық шығарады.
Алматыда мұндай көліктердің саны 80 мыңға дейін жетуі мүмкін, ал олардың қоршаған ортаға әсері 500 мыңнан 1 миллионға дейін жарамды көліктің үлесіне тең болуы мүмкін", - деді ол.
Шығарылатын заттардың қатарында көміртек тотығы, көмірсутектер, PM2.5 және PM10 бөлшектері, азот оксидтері бар. Бұл заттар әсіресе, балалар үшін өте қауіпті.
Автопаркті жаңарту мен электр көліктерін дамыту - басым бағытқа айналуға тиіс", - деді сарапшы.
Елена Ерзакович: "Төмен шығарындылар аймағы - қала тұрғындарының әдетін өзгертуге мүмкіндік"
Көлік және экология саласының сарапшысы Елена Ерзаковичтің айтуынша, Алматыда төмен шығарындылар аймақтарын енгізу тұрғындардың көлікпен жүру дағдысын өзгертуге көмектеседі.
Бұл жай ғана шектеу емес, қаланың болашағы туралы ойлануға берілген мүмкіндік", - дейді маман.
Ол үш негізгі қадамды бөліп көрсетті:
- Қала ішінде қозғалысты азайту (пандемия кезіндегідей);
- Электромобильдер мен қоғамдық көлікті дамыту;
- Көліктің қоршаған ортаны азырақ ластайтын технологияларды жетілдіру.
Кешенді тәсіл - ұзақ жол, бірақ ол қажет", - дейді Елена Ерзакович. Оның айтуынша, бүгінде Алматыдағы автокөліктердің шамамен 15%-ы экологиялық талапқа сай келмейді, сондай-ақ, шығарындылардың едәуір бөлігі жылу электр орталықтары (ЖЭО) мен қатты отын пайдаланатын нысандардан бөлінеді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
31.12.2025, 18:38 52691
Жаңа жыл мерекесі күндері Алматы полициясы күшейтілген режимде қызмет атқаруда
Достарға айту
Жаңа жыл мерекесі күндері Алматы полициясы күшейтілген режимде қызмет атқаруда, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Жаңа жыл қарсаңында және мерекелік күндері Алматы қаласында қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары күшейтілді. Бұл туралы Алматы қаласы полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасының бастығы Серік Шумаев мәлімдеді.
Оның айтуынша, мереке кезеңінде адамдар көп шоғырланатын орындарда, қала көшелері мен тұрғын алаптарда полиция жасақтары мен патрульдік экипаждардың саны арттырылған.
Алматы полициясы күшейтілген қызмет атқару режиміне көшті. Қызметкерлеріміз қоғамдық орындарда, көшелер мен жолдарда қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, қала тұрғындары мен қонақтарының мерекені тыныш әрі қауіпсіз өткізуі үшін тәулік бойы қызмет атқаруда", - деді Серік Шумаев.
Мерекелік күндері құқық бұзушылықтардың алдын алуға, қоғамдық тәртіпті сақтауға, сондай-ақ балалар мен кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөлінуде.
Қала тұрғындарын қоғамдық тәртіп ережелерін сақтауға, тұрғын аулаларда тыныштықты бұзбауға, балалар мен қарттардың қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауға шақырамыз. Әрбір саналы әрекет - қаламыздағы тыныштық пен тәртіптің кепілі", - деп атап өтті спикер.
Сонымен қатар полиция тарапынан профилактикалық жұмыстар жүйелі түрде жалғасып, құқық бұзушылықтың әрбір дерегі бойынша жауапкершіліктің бұлтартпастығы қағидатына сәйкес заң аясында тиісті шаралар қабылданатыны айтылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
31.12.2025, 14:29 53746
Алматыда 31 желтоқсан қалай аталып өтеді
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Жылдың соңғы кешінде Алматы жарқын мерекелік атмосфераға бөленеді. 31 желтоқсан күні сағат 18:00-ден 00:30-ға дейін Астана алаңында қаладағы басты жаңа жылдық концерт өтіп, мегаполис тұрғындары мен қонақтарын бір шаңырақ астына жинайды, деп хабарлайды Алматы қаласының әкімдігінің баспасөз қызметінен.
Сахнада отандық эстраданың жұлдыздары, көпшілікке сүйікті орындаушылар мен танымал топтар өнер көрсетеді. Олардың қатарында Макпал Исабекова, Алишер Каримов, Ақылбек Жеменей, Бейбіт Қорған, Ringo, Ninety One, Ayree, Astra, Dakelot, Даулет Жанболат, Жұбаныш Женсенұлы, Диана Исмаил, Бақыт Шадаева, Абай Бегей, Тахмина Әшімбекова, Muzart Life, Інжу Әнуарбек, Әбік Жексен, Асхат Тарғын, Дәлел Уашев, Мақсат Базарбаев, Дәурен Байбөрі және басқа да өнерпаздар бар.
Мерекенің шарықтау шегі дәстүр бойынша салтанатты жаңа жылдық отшашу болмақ. Айта кетсек, жаңа жылдық фейерверк демеушілік қаражат есебінен ұйымдастырылады, әрі барлық қауіпсіздік шаралары қатаң сақталады.
Жаңа жылды Алматының қақ ортасында - әуенге, жарқыраған шамдарға және ұмытылмас әсерлерге толы күйде қарсы алыңыз!
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
29.12.2025, 14:50 70341
Дрон курьер ретінде: Алматыда пилотсыз жеткізу жобасы іске қосылады
Сурет: Depositphotos
Достарға айту
Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі мен Freedom Lifestyle елдегі ұшқышсыз жеткізу қызметін дамыту жөніндегі ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі.
Тараптар дрон арқылы жеткізудің пилоттық жобасын іске қосуға келісті. Құжат қалалық инфрақұрылым мен цифрлық шешімдерді дамытуға, сондай-ақ қауіпсіздік пен қала тұрғындарының жайлылығына басымдық бере отырып, тауар жеткізудің жаңа форматын сынақтан өткізуге мүмкіндік береді.
Ынтымақтастық аясында Freedom Lifestyle жобаларды қаржыландыруға және ұйымдастыруға қатыса алады, сондай-ақ ұшқышсыз жеткізу қызметін өздерінің цифрлық өнімдеріне енгізеді. Компания 2025 жылдың басынан бастап ұшқышсыз ұшу аппаратының операторлары командасын қалыптастырып, Freedom X R&D-зертханасында дронмен жеткізу технологияларын тестілеуден өткізіп келеді.
Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің рөлі - реттеуші ретінде қатысу, қауіпсіздікті қамтамасыз ету және жаңа технологияларды қалалық ортаға енгізуді үйлестіру. Министрлік жобаны пилоттық кезеңде сүйемелдеп, түсінікті ережелерді қалыптастырады.
Меморандумға қол қою мемлекеттің ұшқышсыз технологиялар мен заманауи логистикалық сервистерді дамытудағы жүйелі тәсілін көрсетеді. Пилоттық жобалар технологияларды нақты жағдайда сынауға, қажетті нормативтік шешімдерді пысықтауға және осындай қызмет түрін әрі қарай кеңейтуге мүмкіндік береді", - деді ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі Цифрлық активтер және серпінді технологиялар комитетінің төрағасы Ғиззат Байтұрсынов.
Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігімен бірлесіп жұмыс істеп жатқанымыз үшін қуаныштымыз және бастаманы қолдағаны үшін алғыс білдіреміз. Бұл серіктестік ұшқышсыз технологияларды азаматтардың күнделікті өміріне енгізуге мүмкіндік береді, жеткізу процесін жылдам әрі тиімді етеді", - деді Freedom Lifestyle Group бас директоры Алексей Ли.
Алматыдағы пилоттық жоба аясында дрондар азық-түлік, күнделікті тұтыну тауарлары мен дәрі-дәрмектерді жеткізу үшін пайдаланылады. Бір ұшқышсыз аппарат екі нүктеден 3 шақырымға дейінгі радиуста, салмағы 10 килограмға дейінгі жүкті тасымалдай алады. Ұшулар күндізгі уақытта және қолайлы ауа райы жағдайында ғана орындалады.
Пилоттық жобаны 2026 жылдың қаңтар-наурыз айларында іске асыру жоспарланған және кезең-кезеңімен дамытылады. Ұшу қауіпсіздігі, байланыс арналарының тұрақтылығы расталған сайын және қала тұрғындарының кері байланысын ескере отырып, дрондар санын біртіндеп арттыру көзделіп отыр. Бұл сервисті қалалық жағдайда сынап, оны әрі қарай, ауылдық жерлерге жеткізуге мүмкіндік береді.
Қазіргі кезеңде жобаны іске қосуға қажетті инфрақұрылым толық дайын, ал ұшу қауіпсіздігі мен азаматтарды қорғау мәселелеріне айрықша көңіл бөлінген. Штаттан тыс жағдайларда дрондарды автоматты түрде қайтару немесе қауіпсіз қондыру шаралары қарастырылған. Әрбір дрон парашюті бар қауіпсіздік жүйесімен жабдықталған және интернет байланысы үзілген жағдайда да автономды режимде ұшуды жалғастыра алады.
Халық үшін тәуекелдерді барынша азайту мақсатында жеткізу маршруттары негізінен жасыл аймақтар: саябақтардың үсті және көше бойларымен құрылады. Оператор жұмысы авиациялық реттеушілермен келісілген ережелерге сәйкес жүзеге асырылады.
Болашақта жоба тек қалаларда ғана емес, шалғайдағы елді мекендерде де жеткізу мүмкіндігін қарастыра отырып, логистикалық сервистердің сапасы мен қолжетімділігін арттыруға бағытталатын болады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
26.12.2025, 16:43 80591
Ыстанбұлда қазақ музыкасының кеші өтті
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Түркия астанасында қазақтың дәстүрлі және заманауи музыкалық өнерін кеңінен насихаттауға бағытталған "QAZAQ CONCERT" атты концерттік бағдарлама өтті. Іс-шара Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің, Қазақстан Республикасының Ыстанбұлдағы Бас консулдығының қолдауымен, сондай-ақ "QAZAQ CONCERT" шығармашылық ұжымы қатысуымен ұйымдастырылды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Концерттің басты мақсаты - Қазақстанның бай музыкалық мұрасын Түркия жұртшылығына таныстыру, екі ел арасындағы мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты тереңдету және қазақ ұлттық өнерін халықаралық деңгейде дәріптеу. Шара аясында дәстүрлі халық әндері, күй өнері және этно-заманауи музыкалық шығармалар көрермен назарына ұсынылды.
Кеш барысында Қазақстанның белгілі өнер шеберлері - Нұрболат Арзамасұлы, Перизат Тұрар, Жанту Дадабаев және Ақерке Тәжібаева өнер көрсетті. Әрбір орындаушы өз репертуарында ұлттық болмысты, тарихи сабақтастық пен заманауи музыкалық өрнекті үйлестіре отырып, көрермендерге ерекше мәдени әсер сыйлады.
Аталған іс-шара - бұл тек концерттік бағдарлама ғана емес, сонымен қатар қазақ халқының рухани құндылықтарын, ұлттық болмысын және мәдени әртүрлілігін халықаралық аудиторияға танытатын маңызды мәдени алаң болды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
25.12.2025, 23:23 71151
"Сақ стилі" жаңа сериясынан номиналы 500 теңгелік банкноттарды айналысқа шығару туралы
Сурет: nationalbank.kz
Достарға айту
Қазақстан Ұлттық Банкі (бұдан әрі - ҚҰБ) 2025 жылғы 25 желтоқсаннан бастап жаңа дизайндағы номиналы 500 теңгелік банкноттарды айналысқа шығарады, деп хабарлайды ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметінен.
Бұл "Сақ стилі" сериясымен шыққан бесінші банкнота. Ол көшпенділер мәдениетінен бүгінгі Қазақстанның бірегей мұрасын қамтып, дәстүрлі қазақы ою-өрнектің түп тамыры саналатын "Сақ стилі" элементтеріне негізделген.
Жаппай қолданысқа жаңа банкнота 2026 жылдың екінші тоқсанында шыға бастайды. Себебі ақшаны еліміздің барлық өңіріне жеткізу үшін және банкоматтар, терминалдар және басқа кассалық техника тәрізді жабдықтарды бейімдеу үшін қосымша уақыт қажет.
Ақша белгісінің дизайны мен пішіні туралы
Банкноттардың түсі - көк.
Бет жағында:
- көкте қалықтаған құспен "Бәйтеректің" бұтағы (Есік қорғаны, б. з. д. 5-4 ғғ., Алтын адам бас киімінің әшекейі, табиғат пен наным байланысының қасиетті мағынасы);
- ДНҚ спиралін және адамның табиғатпен байланысын білдіретін ою-өрнекпен безендірілген шексіздік символы;
- артефакт - Арқардың басы түріндегі әшекейдің фрагменті (Берел қорғаны, б.з.д. 8-7 ғғ., ШҚО).
Банкноттың артқы жағында:
- ою-өрнекпен көмкерілген қалқан аясында бейнеленіп тұрған Қазақстанда мекендейтін Арқар;
- негізгі бейненің артында бірнеше мағына беретін қазақы ою-өрнек орналасқан:
- "Қалқан" - құндылықтар қорғанын білдіреді,
- ежелгі символ - дүниенің төрт құбыласы,
- ортасында жасампаз энергияның нышаны ретінде күн белгісі бейнеленген. - банкноттың ортасында қазақи "шексіздік" ою-өрнегінің контуры салынып, оның ішінде "Мұзтау" тауының ландшафтық көрінісі бейнеленген.
Банкноттарды айырбастау және айналыста қатар жүру кезеңін белгілеу тәртібі туралы
Номиналы 500 теңгелік жаңа банкноттар 2025 жылғы 25 желтоқсаннан бастап айналысқа енгізіледі және айналыста жүрген 2017 жылғы үлгідегі номиналы 500 теңгелік ұлттық валюта банкноттарымен (бұдан әрі - ескі үлгідегі банкнот) екі жыл бойы ауыстырылады.
Яғни, ескі үлгідегі барлық банкнот екі жыл ішінде айналыстан біртіндеп алынады. Тиісінше, осы кезеңде халықтың екінші деңгейдегі банктерге (бұдан әрі - ЕДБ) немесе ҚҰБ филиалдарына барып, ескі үлгідегі банкноттарды жаңа банкноттарға айырбастауы қажет емес.
Жаңа және ескі үлгідегі банкноттардың айналыста қатар жүру кезеңі 2025 жылғы 25 желтоқсаннан бастап 2027 жылғы 24 желтоқсанға дейінгі аралықты қамтиды.
Бұл кезең аяқталған соң, яғни 2027 жылғы 25 желтоқсаннан бастап, барлық банк пен Қазпоштада ескі үлгідегі банкноттарды 3 жыл ішінде, яғни 2030 жылғы 24 желтоқсанға дейін жаңа үлгідегі банкноттарға айырбастауға мүмкіндік бар. Ал ҚҰБ филиалдарында оларды мерзімсіз айырбастауға болады.
Жаңа үлгідегі (2025 жылғы) және ескі үлгідегі (2017 жылғы) банкноттар айналыста қатар жүретін кезеңде заңды төлем құралы болып саналады. Төлемдер мен аударымдардың барлық түрін жүзеге асыру үшін, банк шоттарына аудару үшін Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында оларды құнына қарай қабылдаунуы міндетті екенін атап өтеміз.
Жаңа банкноттар еліміздегі ҚҰБ-ның барлық филиалында, Қазпоштада, екінші деңгейдегі банктерде және Қазақстандағы бейрезидент банктердің филиалдарында шектеусіз айырбасталады және ауыстырылады.
Заңды төлем құралына жататын банкноттар мен монеталарды қабылдаудан бас тарту Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық болып саналатынын еске саламыз.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
07.01.2026, 09:29Православиелік қазақстандықтар Рождество мерекесін тойлап жатыр 07.01.2026, 10:33 25156Мемлекет басшысы Рождество мерекесімен құттықтады07.01.2026, 11:23 1521Hyundai өз зауыттарына 30 мың адамтектес робот орналастырады
01.01.2026, 12:23 978462026 жылғы базалық зейнетақы мөлшері айқындалды01.01.2026, 00:19 91171Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқын Жаңа жылмен құттықтады01.01.2026, 10:26 72641Жаңа Салық кодексінің негізгі өзгерістері қандай06.01.2026, 16:21 55271ЖИ Қазақстандағы жұмыс күшінің өнімділігін 70% арттыра алады - зерттеу06.01.2026, 17:37 50286Үкімет Қазақстанның цифрлық шешімдерді жасайтын және сататын елдер қатарына кіруі үшін озық IT-технологияларды қарқынды дамытуды жалғастырады
17.12.2025, 17:47 232136Ташкентте қазақ киносының күндері өтті17.12.2025, 15:52 227651Венада Айман Мұсақожаеваның концерті өтті15.12.2025, 23:30 225936Ұлы Дала әуендері Куала-Лумпурдың жүрегінде жаңғырды15.12.2025, 23:10 222941Бейжіңде "Қазақстанның достары клубының" отырысы өтті15.12.2025, 22:01 213931Прагада Абай Құнанбайұлының 180 жылдығы атап өтілді

