29.12.2021, 19:03 9426

Алматыдағы барлық балабақшалардың білім беру стандартына сәйкестігі тексеріледі

Алматыдағы барлық балабақшалардың білім беру стандартына сәйкестігі тексеріледі
АЛМАТЫ. 29 ЖЕЛТОҚСАН - Арнайы комиссия Алматы қаласындағы балабақшалардың жұмысын тексереді. Комиссия құрамына білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің өкілдері, сарапшылар, әдіскерлер мен қоғам белсенділері кіреді. Бұл жұмыс еліміздің басқа өңірлерінде де жүргізіледі.
 
ҚР Білім және ғылым министрлігінің мәліметінше, комиссия мүшелері мектепке дейінгі ұйымдардағы жағдай мен балабақша қызметкерлері жұмысының сапа стандарттарына сәйкестігін тексереді.
 

Балабақшалар 100% қауіпсіз болу керек. Осы күндері Алматыдағы екі мектепке дейінгі ұйымда орын алған оқиғаларға жол беруге болмайды. Балабақшалар әкімдіктердің қарамағында. Сонымен қатар заң бұзушылықтардың басым көпшілігі жекеменшік балабақшаларда тіркеледі. Бірақ қауіпсіздікті меншік нысаны мен бағыныстылығына қарамастан қамтамасыз ету қажет. Өкінішке орай, осы жылдың қыркүйегіне дейін мектепке дейінгі ұйымдардың сапасын мемлекеттік бақылау тетіктері мүлдем болған емес", – деп атап өтті Білім және ғылым саласында сапаны қамтамсыз ету комитетінің төрайымы Гүлзат Көбенова.

 
Оның айтуынша, балабақшалар басқа білім беру ұйымдарына қарағанда, лицензиялаудан босатылып, хабарлама арқылы ашылған. Сонымен қатар бұрын мемлекеттік бақылау мен аттестаттаудан босатылды.
 

Тек биыл ғана біз балабақшаларға мемлекеттік тексеру институтын заңды түрде енгізе алдық. Осыған байланысты көптеген наразылық болды. Бірақ балалардың мәселесіне келгенде, бей-жай қарамау керек. Алғашқы нәтижелер мұндай тексерудің қажеттілігін көрсетті. Желтоқсан айының басында біз тексерген балабақшалардың шамамен 80%-ы білім беру қызметіне қойылатын талаптарға сәйкес келмеуіне байланысты мемлекеттік аттестаттаудан өтпегенін хабарладық. Сондықтан біз бақылау құралын енгіздік", - деді Білім және ғылым саласында сапаны қамтамсыз ету комитетінің төрайымы.

 
Гүлзат Көбенованың айтуынша, мемлекеттік тапсырысты жеке меншік балабақшаларда орналастыруға, тәрбиешілердің біліктілігіне және қауіпсіздік мәселелеріне қойылатын талаптар күшейтілмек.
 

Сонымен қатар мектептер мен балабақшаларда педагогикалық жұмысқа алғаш кіретіндердің біліктілігін тәуелсіз тексеру туралы талап енгізіледі. Балабақшалар заңды әкімдіктердің қарауында екенін ескере отырып, біз мектепке дейінгі ұйымдардың жұмысын ерекше бақылауға алу қажеттігін бірнеше рет атап өттік. Әр топқа бейнекамералар берілуі керек. Балалармен жұмыс істейтін кадрларды іріктеу мәселесі де өте маңызды", - деді ол.


Еске сала кетейік, кеше Алматы полиция департаментінде балабақша тәрбиешісі балаларды ұрып-соғып, өз-өзіне қол жұмсағанын растаған болатын.

Бұған дейін әлеуметтік желіде балабақша тәрбиешісінің бүлдіршіндерге қатыгездік танытқаны туралы видео тараған болатын. Кадрларда оның алдымен қызды бетінен және басынан қалай ұрғаны, содан кейін қатарда келе жатып, балаларды илеммен ұрғаны және оқушының бірінің шашынан сүйреп алғаны көрсетілген.
 
Ақпарат көзі: inform.kz
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны