31.12.2025, 14:29 726

Алматыда 31 желтоқсан қалай аталып өтеді

Алматыда 31 желтоқсан қалай аталып өтеді
Сурет: gov.kz
Жылдың соңғы кешінде Алматы жарқын мерекелік атмосфераға бөленеді. 31 желтоқсан күні сағат 18:00-ден 00:30-ға дейін Астана алаңында қаладағы басты жаңа жылдық концерт өтіп, мегаполис тұрғындары мен қонақтарын бір шаңырақ астына жинайды, деп хабарлайды Алматы қаласының әкімдігінің баспасөз қызметінен.

Сахнада отандық эстраданың жұлдыздары, көпшілікке сүйікті орындаушылар мен танымал топтар өнер көрсетеді. Олардың қатарында Макпал Исабекова, Алишер Каримов, Ақылбек Жеменей, Бейбіт Қорған, Ringo, Ninety One, Ayree, Astra, Dakelot, Даулет Жанболат, Жұбаныш Женсенұлы, Диана Исмаил, Бақыт Шадаева, Абай Бегей, Тахмина Әшімбекова, Muzart Life, Інжу Әнуарбек, Әбік Жексен, Асхат Тарғын, Дәлел Уашев, Мақсат Базарбаев, Дәурен Байбөрі және басқа да өнерпаздар бар.

Мерекенің шарықтау шегі дәстүр бойынша салтанатты жаңа жылдық отшашу болмақ. Айта кетсек, жаңа жылдық фейерверк демеушілік қаражат есебінен ұйымдастырылады, әрі барлық қауіпсіздік шаралары қатаң сақталады.

Жаңа жылды Алматының қақ ортасында - әуенге, жарқыраған шамдарға және ұмытылмас әсерлерге толы күйде қарсы алыңыз!
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны