18.05.2023, 10:30 21651

Алматыда Әйтеке би көшесі ұзартылады

Байтұрсынов пен Досмұхамедов көшелерінің аралығындағы Әйтеке би көшесінің бойындағы жаяу жүргіншілер жолын реттеп,
Маусым айында Алматы әкімдігі Алмалы ауданындағы Байтұрсынов пен Досмұхамедов көшелерінің аралығындағы Әйтеке би көшесінің бойындағы жаяу жүргіншілер жолын жөндеп, жолды ұзартуды жоспарлап отыр. Бұл туралы Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев аудан тұрғындарымен кездесуінде мәлімдеді.

Сондай-ақ, оның айтуынша, жыл басынан бері жаяу жүруді қамтамасыз ету үшін Брусиловский және Байтұрсынов көшелерінің бойында 4 жаңа аялдама орнатылған. Ал жыл соңына дейін Мұқанов, Байзақов, Тілендиев және Панфилов көшелерінің бойына тағы 4 аялдама орнату жоспарлануда.

Бұған дейін Алматыда Жұбанов көшесінің қала шекарасына дейін ұзартылатыны хабарланған болатын.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны