13.04.2023, 10:55 25596

Алматыда Жұбанов көшесі қала шекарасына дейін ұзартылады

Осы мақсатта 300-ден астам учаске сатып алынады
Алматы. 13 ақпан. KAZAKHSTAN TODAY - Алматыда Жұбанов көшесі қала шекарасына дейін ұзартылады. Бұл туралы Әуезов ауданының тұрғындарымен кездесуде қала әкімі Ерболат Досаев мәлімдеді.

Жұбанов көшесін Момышұлы көшесінен қала шекарасына дейін ұзартуға жобалау-сметалық құжаттаманың мемлекеттік сараптамасының оң қорытындысы алынды. Сатып алынуға тиіс 307 учаске анықталды. Мердігер ұйымды анықтау бойынша байқау өткізіледі", - деді қала әкімі.


Ол атап өткендей, бұл Әуезов ауданының дамуына, көлік жүктемесін айтарлықтай азайтуға және қоғамдық көлікпен қызмет көрсету сапасын жақсартуға ықпал етеді.

Сондай-ақ, әкімнің айтуынша, жолдарды орташа және жамау жөндеу жұмыстары жалғасады.Әуезов ауданында жалпы ұзындығы 12,8 км болатын 14 көше мен өтпе жолдар жөнделеді. Жұмыс мамырда басталып, қараша айында аяқталады. Алматыда биыл ұзындығы 200 км қаланың 220 көшесі орташа жөндеуден өтеді.

Орталықсыздандыру аясында биылдан бастап жолдарды ағымдағы жөндеуді аудан әкімдіктері жүргізеді. Әуезов ауданында 23 мың м2 жол жөнделеді", - деп түсіндірді Досаев.

 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны