04.01.2023, 14:17 23066

Алматыда жаңа жылдық мерекелерде он үш адам пиротехникадан зардап шекті

Алматыда жаңа жылдық мерекелерде он үш адам пиротехникадан зардап шекті
Сурет: astana.gov.kz
Өткен жылдың осы кезеңінде 39 адам зардап шекті (оның 29-ы балалар)

Алматы. 4 қаңтар. KAZAKHSTAN TODAY - Алматының полицейлері, құтқарушылары мен медицина қызметкерлері жаңа жылдық мерекенің қалай өткенін айтты. Мамандар Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында төтенше жағдайлар қызметінің жұмысын қорытындылады.

Мегаполистегі мереке күндері салыстырмалы түрде тыныш өтті, жаппай демалыс орындарында оқыс оқиға болған жоқ. Бұл туралы ӨКҚ брифингінде Алматы қаласының Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басшысының орынбасары Диас Дуанбеков мәлім етті. Жаңа жылдық мереке күндері күнделікті жүздеген полицей жұмысқа шықты.

Адамдар көп жиналатын нысандарға, сондай-ақ мерекелік және ойын-сауық шараларын өткізуге арналған орындарға ерекше назар аударылды. Қабылданған шаралардың нәтижесінде ауыр және аса ауыр қылмыстардың алдын алуға мүмкіндік туды. Негізінен бөтеннің мүлкін ұрлау фактісі басым болды. 31 желтоқсан мен 3 қаңтар аралығында қалада бөтеннің мүлкін ұрлаудың 30 дерегі тіркелсе, оның 24-і жедел іздеу барысында ізі суымай ашылды", - деді Д.Дуанбеков.


Сонымен бірге, бұл күндері мегаполисте 2 бұзақылық, 1 тонау орын алған. Күдіктілер қылмыс орнында ұсталды. Сонымен қатар, есірткіге қатысты екі қылмыс анықталды. Жалпы, полиция қызметкері атап өткендей, қалада жағдай тұрақты және бақылауда.

Алматы құтқарушылары да күшейтілген түрде қызмет көрсетті, өрт сөндіру бөлімшелері дайындықта болды. Жаңа жылдағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуде ең қиындау бағыттарының бірі - пиротехникалық құралдарды пайдалану. ТЖД Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік өртке қарсы бақылау басқармасының басшысы Данияр Жүсіпов мереке күндеріне дейін пиротехникалық заттар сататын орындардың барлығы дерлік тексерілгенін айтты.

"Пиротехника" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Алматы қаласының ТЖД мен ПД қызметкерлері пиротехникалық бұйымдар сатылатын орындарда рейдтер жүргізуде. Пиротехникалық бұйымдарды өткізу ережелерін бұзған 50 тұлғаға қатысты әкімшілік әрекет ету шаралары қолданылып, ҚР заңнамасының талаптарына сәйкес келмейтін 603-тен астам пиротехникалық бұйымдар алынып тасталды", - деді Д.Жүсіпов.


Құтқарушылардың айтуынша, қабылданған шаралардың көмегімен пиротехникалық бұйымдар салдарынан болатын өрт көлемінің көмегімен пиротехникалық бұйымдар салдарынан болатын өрт көлемін 3 есеге дейін азайту мүмкін болды, 5 өрт оқиғасы тіркелді, олардың біреуі пиротехника салдарынан болған.

Пиротехникалық бұйымдарды пайдаланудан зардап шеккендер саны 3 есеге қысқарды. Пиротехникалық бұйымдарды ұқыпсыз пайдаланудың салдарынан осы жаңа жылдық мерекелер кезінде 13 адам (оның ішінде 3 бала) медициналық мекемелерге көмек сұрап жүгінген. Өткен жылдың осы кезеңінде 39 адам зардап шекті (оның 29-ы балалар)", - деп жалғастырды құтқарушы.


Жаңа жылдық мереке күндері кездесетін дәстүрлі проблемалардың бірі - улану. Алматы қалалық Жедел жәрдем қызметі директорының орынбасары Андрей Ложкин өткен демалыс күндері олар әдеттегідей жұмыс істегенін айтты. 217 бригада жұмылдырылды, оның ішінде: 186 жедел жәрдем бригадасы және емханаларда 31 жедел медициналық жәрдем бригадасы.

Тәулігіне 3 мыңға жуық қоңырау соғылды. Оның 30%-ға жуығы жедел жұқпалы аурулармен шақырылғандар. Оның 50 пайыздан астамы балаларға шақырылды. ЖКО бойынша шақыртулардың 10%-ға жуығы, оның ішінде: жол-көлік оқиғасы бойынша 26 шақыру - 21 зардап шегуші әртүрлі локализациядағы жарақаттармен ауруханаларға жеткізілді. Мереке күндері пиротехникалық өнімдерден 13 адам зардап шекті, оның үшеуі бала", - деді Ложкин.


Бұған дейін KAZAKHSTAN TODAY эксклюзивті материалында сарапшылар отшашуларға толық тыйым салудың бірқатар себептерін атап өткен болатын.

Сондай-ақ, Төтенше жағдайлар министрлігі жаңа жылдық пиротехниканың қаншалықты қауіпті екенін нақты көрсетті.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны