31.05.2023, 16:00 20831

"АлматыЭнергоСбыт" мекемесінің қызметкері үш ауылдың тұтынушыларының ақшасын жымқырған

Күдікті кінәлі деп танылып, 5-жылға бас бостандығынан айырылды
Алматы облысында Энергиямен қамтамасыз ету мекемесінің қызметкері төрт жыл бойы ауыл тұрғындарының ақшасын жымқырған, деп мәлім етті ҚР ҚМА.

Ол 2019 жылдан 2022 жылға дейін, өкілеттігі болмаса да, Алматы облысының Қараой, Қуат және Өтеген батыр ауылдарының тұрғындарына жалған түбіртектер беру арқылы, энергия тұтынғаны үшін төлем алып, түскен ақшаны өз қажеттілігіне жұмсаған.

Өзінің қылмыстық әрекеттерін жасыру үшін ол деректер базасына әріптестерінің логиндері мен парольдерін пайдалана отырып, жалған мәліметтер енгізген.

Сотқа дейінгі тергеу барысында ҚМА Алматы облысы бойынша Департаменті аталған ауылдардың 150-ден астам тұрғындарын электр энергиясынан ажыратуға жол бермеуге сондай-ақ 16 млн теңгеге жуық сомадағы залалды өтеуге шара қолданды.

АлматыЭнергоСбыт" ЖШС жеке тұлғалармен жұмыс жөніндегі инженері сотпен алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 5-жылға бас бостандығынан айырылды.

 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны