07.03.2025, 08:24 81761

Қарағанды облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты автожолдар жабылды

Қарағанды облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты автожолдар жабылды, деп хабарлайды Polisia.kz баспасөз қызметінен.

Қарағанды облысында 6 наурыз күні қатты боран мен төмен көріну салдарынан республикалық және облыстық маңызы бар барлық автожолдар жабылды.

Қиын метеожағдайларға байланысты облыс жолдарында 719 жеңіл автокөлік, 605 жүк көлігі және 16 қоғамдық көлік тоқтап қалды. Ауа райының қолайсыздығы көлік қозғалысының қиындауына және жол-көлік оқиғаларының көбеюіне әкелді.

Атап айтқанда, Қарағанды - Теміртау тас жолында үш жол-көлік оқиғасы орын алды. Абырой болғанда зардап шегугілер жоқ. Апаттардың негізгі себептері - нашар көріну және жүргізушілердің жылдамдық режимін сақтамауы.

Қарағанды облысының полиция департаменті жүргізушілер мен тұрғындарды алыс сапарлардан бас тартуға, жол жүру ережелерін қатаң сақтауға және ауа райының өзгерістерін ескеруге шақырады. Абай болыңыздар, өздеріңізді және жақындарыңызды сақтаңыздар", - деді Қарағанды облысы Полиция департаменті патрульдік полиция батальонының командирі Медет Нұрмұханов.

 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны